Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
«Маңғыстаумұнайгаз» акционерлік қоғамы Қазақстанның мұнай-газ өндіру саласының флагмандарының бірі болып табылады және елдегі ең ірі салық төлеушілердің үштігіне кіреді. Компания өзінің өндірістік қызметін Маңғыстау облысының Маңғыстау және Қарақия аудандарында: Қаламқас пен Жетібай кен орындарында жүргізіп келеді.
Бұл ретте, «Маңғыстаумұнайгаз» ірі салық төлеуші және жұмыс беруші ретінде қатысу аумақтарын дамытудағы маңызды рөлді атқарады және әлеуметтік жауапкершілікті өңірлердің орнықты әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуының маңызды элементі ретінде қарастырады.
Жақында Астанада Қарақия ауданының әкімі Қыдырберди Беков, Маңғыстау ауданының әкімі Ғалымжан Ниязов және «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ Бас директорының әкімшілік және әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары Ермек Коптлеевтің «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорының басшысы Альфия Адиевамен жұмыс бабындағы кездесуі өтті.

«Кездесу барысында біз өңірлердің әлеуметтік дамуына қатысты өте маңызды тақырыптарды талқыладық, – дейді Ермек Коптлеев. – Атап айтқанда, біздің өндірістік қуаттылықтарымыз орналасқан Қарақия және Маңғыстау аудандарының әлеуметтік-инфрақұрылымдық даму жобалары талқыланды. Біз қалаларымыз бен ауылдарымыздың өсіп, дамып, жақсы жаққа өзгеруіне мүдделіміз. Сондықтан, қазір біз «Samruk-Kazyna Trust» қорымен бірлесіп білім беру, медицина, елді мекендерді абаттандыру, мүгедек балаларды қолдау, спорт кешендерін салу, салауатты өмір салтын насихаттау және т.б. салалардағы әлеуметтік жобаларды іске асыру мүмкіндігін қарастырамыз. Біз үшін өңірлерімізге жаңа технологиялардың келуі, әлеуметтік инфрақұрылымның дамуы, өмір сүру және тұрақты даму үшін қолайлы жағдайлар жасалуы маңызды болып отыр».
«Маңғыстаумұнайгаз» АҚ «Samruk-Kazyna Trust» қорымен бірлесіп, елді мекендердегі ағымдағы және перспективалық міндеттерді ойдағыдай шешуге мүмкіндік беретін әлеуметтік жобаларды іске асырудың маңызды басымдықтарының бірі деп санайды.
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
162
08 декабря 15:39
Сотрудник АлЭС выиграл квартиру в финале проекта «Ең мықты»