Главная Новости Әлеуметтік мәселелер – басты назарда
25 мамыр 2021, 08:32 1071

Әлеуметтік мәселелер – басты назарда

Әлеуметтік мәселелер – басты назарда

Қаламқас кен орнында Компания бас директорының орынбасары Жетібай Төлеғожаевтың төрағалығымен көшпелі жиын өтті. Күн тәртібіндегі мәселе – «Қаламқасмұнайгаз» өндірістік басқармасы асханаларындағы қызмет сапасы мен кенорын қазметкерлері арасында КВИ таралуының профилактикасы.​

Бірінші мәселе бойынша жиын қатысушылары кенорындағы асханаларды аралап, Қаламқас кенорны қызметкерлері көтерген мәселенің себеп-салдарымен танысты. Атап айтқанда №1 және №14 асханаларда тиісті қызмет көрсетілмеу салдарынан тоңазытқыш қондырғысының істен шыққаны және ыдыс жуу құрылғысының жасамай тұрғаны анықталды.

№3 асханада күрделі жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Мердігер мекеме өкілімен сұхбат жасалды. Жұмыстар кестеге сәйкес жүруде, кедергілер жоқ деген мағлұмат берілді.

№2 асханада техникалық ақаулар табылған жоқ. Алайда, жанындағы №3 асхананың жөндеу жұмыстарына жабылуына байланысты №2 асханаға келетін адам санының көптігі байқалды. Кезек күтушілер бар.

Асханаларда ұсынылатын тамақ сапасына байланысты соңғы күдері оның жақсарып келе жатқаны анықталды. Осы мәселе бойынша сұхбатқа тартылған кенорын қызметкерлері де осылай деп отыр – 20-21 мамыр күндеріндегі ас мәсірі сапасы жағынан да, көлемі жағынан да бұрын ұсынып келген ас мәзірінен жақсы. Ұсынылатын ет көлемі мен салаттардың жазғы түрлері беріле бастаған.

Анықталған барлық кемшіліктер бойынша тиісті шаралар қабылданатын болады. Жиын хаттамасы жасақталды.

Екінші мәселе – кен орны қызметкерлері арасында КВИ таралуының алдын алу бойынша кенорын қызметкерлерімен кездесуге Маңғыстау облысы әкімдігінің өкілдері келді. Кездесу, Қаламқас вахталық поселкесіндегі спорт залында санитарлық талаптар шеңберінде өткізілді. Өндірістік басқарма тарапынан кездесуге цех басшылары мен жауапты мамандар және кенорында сервистік қызмет көрсететін мердігер мекемелер өкілдері қатысты.

Кездесу барысында эпидемиолог азаматтардың сұрақтарына жауап беріп, елімізде жүріп жатқан вакцинация науқаны туралы кеңінен ақпарат берді. Атап айтқанда қызметкерлер вакцина алудың артықшылықтары, елімімзде ұсынылып жатқан вакцина түрлерінің айырмашылықтары, вакцина алуға қатысты шектеулер мен ерекшеліктер туралы толық ақпаратпен қамтылды.

Өз кезегінде, Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары КВИ профилактикасына қатысты үкімет тарапынан жасалсып жатқан қадамдар мен шешімдер туралы ақпарат беріп, өлкедегі эпидемиологиялық ахуалға тоқталды. Азаматтарды екпеге қатысты түрлі алып-қашпа әңгімелерге сенбеуге, жеке бастары мен жан-жағындағы жақындарына қауіп төндірмеуге шақырды.

Дәл осы күні Қаламқас кенонында екпе пункті ашылып, қызметкерлерге жұмыс орнынан алыстамай екпе алуға жайғдай жасалды.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: