Главная Новости Әлеуметтік маңызы бар жүктерді тасымалдау – ҚТЖ-ның ерекше бақылауында
26 шілде 2023, 15:16 712

Әлеуметтік маңызы бар жүктерді тасымалдау – ҚТЖ-ның ерекше бақылауында

Әлеуметтік маңызы бар жүктерді тасымалдау – ҚТЖ-ның  ерекше бақылауында

«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да көмір, астық, ұнтақ өнімдері және мұнайлы құйылым  жүктері сияқты әлеуметтік маңызы бар жүктерді тасымалдау мәселелері ерекше бақылауда.

Жағдай тәулік сайын бақыланады. Компанияда жүктердің әрбір түрі бойынша жедел штабтар мен «жедел желілер» жұмыс істейді. Мүдделі мемлекеттік құрылымдармен, өндірістік кәсіпорындармен және экспорттаушылармен бірлесіп тұрақты кеңестер өткізіледі.

Әлеуметтік маңызы бар жүктерді үздіксіз тасымалдауды ұйымдастыру бойынша ұйымдастырушылық және технологиялық шаралар қабылдануда. ҚТЖ-да жүк жөнелтушілердің өтінімдерін қамтамасыз ету үшін жеткілікті локомотивтер бар.

Егіс және егін жинау науқандары кезінде мұнай өнімдерін тасымалдауға ерекше назар аударылады. Қазақстанда мұнай құю жүктерін тасымалдауға арналған цистерналардың саны (шамамен 9 мың бірлік) нарықтың қажеттіліктерін толығымен жабады.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: