Главная Новости Әнуар Жақсыбеков QazaqGaz басшысының орынбасары болып тағайындалды
12 сәуір 2022, 08:15 1705

Әнуар Жақсыбеков QazaqGaz басшысының орынбасары болып тағайындалды

Әнуар Жақсыбеков QazaqGaz басшысының орынбасары болып тағайындалды

Ол геологиялық барлау және өндіру салаларына жетекшілік етеді.

«QazaqGaz» ұлттық компаниясы» АҚ Басқарма төрағасының геологиялық барлау және өндіру жөніндегі орынбасары лауазымына Әнуар Жақсыбеков тағайындалды.

Әнуар Жақсыбеков Мәскеудегі Патрис Лумумба атындағы Халықтар достығы университетін «Геология және мұнай-газ кен орындарын барлау» мамандығы бойынша бітірген. Білікті инженер-геолог болып табылады. Бүкіл еңбек қызметі барысында біліктілікті арттыру бойынша көптеген мамандандырылған бағдарламалардан өткен.

Еңбек жолын 1982 жылы «Қазақ-Ойл-Ембі» ААҚ-да бастады, онда Байшонас және Қарсақ отандық кен орындарында мұнай және газ өндіру бойынша оператор болып жұмыс істеді. «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ құрылымында жұмыс істеп жүріп, өндірісті басқарудағы бас инженерден бастап «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ және «ЕмбіМұнайГаз» АҚ-дағы басқарушы лауазымдарына дейінгі үлкен еңбек жолынан өтті.

Сондай-ақ, Батыс Қазақстан облысындағы және  Солтүстік Каспий жобалары бойынша «Н Оперейтинг Компани» ЖШС, «ҚМГ Қашаған Б.В.» ЖШЖК сияқты халықаралық мұнай-газ компанияларында жұмыс тәжірибесі бар.

Бірқатар салалық медальдары, марапаттары мен грамоталары бар, «Қазақстан Республикасының жер қойнауының құрметті барлаушысы», Мақат ауданының Құрметті азаматы болып табылады. «Құрмет» Орденімен марапатталған.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: