Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
Сурет: ашық дереккөзден
Бүгін Үкімет үйінде Астанада басталған машина жасаушылар форумына орай баспасөз мәслихаты өтті. Қазақстан машина жасаушылар одағының төрағасы Мейрам Пішембаевтің айтуынша, "Самұрық-Қазына" қоры бас серіктес болатын алқалы жиын қорытысында 2019-2030 жылдарға арналған Қазақстан машина жасау саласын дамытудың кешенді жоспарының жобасы ұсынылады.
Бұл құжат орта мерзімді кезеңде саланы дамытудың стратегиялық көрінісін айқындамақ.
20-21 қыркүйекте Астана қаласының EXPO Конгресс-орталығында өз жұмысын бастайтын Қазақстан машина жасаушыларының VI форумының бірінші күнінде секциялық отырыстар өткізіледі, екінші күн кеңейтілген пленарлық отырысқа арналады. Секциялық отырыстар барысында қатысушылармен отандық машина жасаудың одан әрі дамуы, бәсекеге қабілеттілігін арттыру және баға құрудың әлемдік тізбегіне тізілу бойынша тәжірибелік ұсыныстар әзірленбек. Кеңейтілген пленарлық отырыста саланы дамытудың ең маңызды және өзекті мәселелері кеңінен талқыланбақ.
Қазақстан Республикасының Үкіметі пен "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасы қолдау танытқан шараға 20-дан астам мемлекеттен 1000 делегат, оның ішінде жетекші отандық және шетелдік машина жасау кәсіпорындарының басшылары, квазимемлекеттік сектор, даму институттары, бизнес қауымдастықтар және үкіметтік емес ұйымдар өкілдерінің қатысатыны күтілуде.
"Форумға АҚШ бизнес өкілдері, Еуропадан, Германия, Франция, Италия, Қытай Халық Республикасы, Жапония сияқты машина жасау саласы дамыған мемлекеттердің кәсіпкерлері келіп жатыр. Біздің кәсіпкерлерге құзыреттілігін көтеруге, жаңа технологиялар игеруге бұл жақсы мүмкіндік береді", - дейді Мейрам Пішембаев.
Жалпы, соңғы жылдары елімізде сатылған әр екінші көлік – отандық техника екен. Осылайша, жыл басынан 18 мыңға жуық темір тұлпар шығарылған. Олардың жалпы құны 103 млрд 800 млн теңгеге тең.
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
53
05 декабря 14:38
Минэнерго показало журналистам работу стратегических энергообъектов столицы