Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
Өскемендегі «ERTIS СПК» ТК үш жүз жаңа қоныстанушысы 500 Мбит/с жылдамдықпен үйдегі интернетке қосылып, жаңа цифрлық мүмкіндіктерді пайдалана алады. Жаңа ғимараттың тұрғындарына арналған «бір топтамадағы төрт қызмет» ұсынысын елдегі ең ірі телеком-операторы жүзеге асырады.
Компанияның жаңа клиенттері үшін қол жетімді жоғары жылдамдықты интернет бейнелерді көруге және HD сапасында тоқтаусыз бейне эфир жүргізуге, бұлтты серверлерден «ауыр» компьютерлік ойындарды ойнауға, цифрлық ТВ көруге мүмкіндіктер береді.
«Ultra топтамалық ұсынысымен барлық үй құрылғыларын экожүйеге біріктіріп, көптеген цифрлық қызметтерді пайдалануға болады. Үш мыңға жуық өскемендік Ultra кешеніне таңдау жасап отыр, яғни ұялы байланыс, үй интернеті және цифрлық ТВ қызметтерін бір топтамада қосып, нәтижесінде ай сайынғы шығындарды айтарлықтай қысқартпақ. Жаңа үйлердің тұрғындары жаңа желінің жайлылығын ғана емес, сонымен қатар байланыс қызметтерін үнемдеу мүмкіндігін де бағалайды деп үміттенеміз», – дейді Шығыс өңіріндегі В2С сегментінің коммерциялық директоры Ерлан Исанов.
Жаңа құрылысқа көшкеннен кейін компанияның клиенті болған Медет Файзулин телеком-оператор қызметінің сапасы туралы өз пікірімен бөлісті.
«Жаңа пәтерге көшкен кезде бірінші кезекте интернетке қосылуға өтінім бердік. "Қазақтелеком" мамандары интернетті сол күні жылдамдатып қосты. Мамандар үйлесімді жұмыс жасады, сымдар мен кәбілдер көрінбейді. Интернет жылдамдығы жақсы, жұмыстан кейін сүйікті гаджеттер арқылы желіде «самғауды» отбасымызбен ұнатамыз. Кез-келген талғам мен қызығушылыққа арналған телевидение топтамасының ассортименті көз қуантады. Балаларым бүлдіршіндерге арналған телеарналардың қолайлылығын қазірдің өзінде жоғары бағалап отыр», – деп қуанышын білдірді Медет Файзуллин.
Компанияның мәліметінше, Өскемен мен ШҚО-ның отыз жеті мыңнан астам тұрғыны жоғары жылдамдықты интернет қызметін сынап көріп, 140-тан астам цифрлық телевизия арнасына, соның ішінде қанықтығы жоғары HD (High-Definition) форматына қосылды.
«Өскеменде жаңа құрылыстар күн санап өсуде, тиісінше жаңа құрылыс тұрғындарына сапалы мобильді байланыс қана емес, сымды сервистер де қажет, сондықтан компанияөз желілерін мақсатты түрде дамытуда. Бізге жаңа қоныстанушыларды үйдегі интернет және цифрлық телевидение сияқты сұранысқа ие қызметтермен қамтамасыз ету маңызды. Биыл Шығыс өңірінің облыс орталығында тағы жеті жаңа ғимараттың тұрғындары компания сервистерімен бос уақыттарын жайлы өткізуге мүмкіндік алды», – дейді Бөлшек бизнес дивизионының бас директоры Игорь Погребицкий.
Жаңа құрылыстарды «оптикаға» қосумен қатар телеком-оператор қала мен ауыл арасындағы «цифрлық шекараларды» жояды. Ауылдық елді мекендерді қосу «ауылдағы цифрлық серіктес» жобасын іске асырудың арқасында мүмкін болып отыр, яғни шағын сервистік компаниялардың «радиокөпір» технологиясы арқылы жоғары жылдамдықты интернет желілерін салу есебінен байланыс әр үйге қол жетімді болмақ. Ағымдағы жылы осы бастаманы іске асыру шеңберінде телеком-оператор Абай облысының бірқатар ауылдарын деректерді беру желісіне қосуды жоспарлап отыр.
121
27 апреля 12:01
Алатау Жарық Компаниясы: қауіпсіздік технологиялар бақылауында
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!