Главная Новости Әсел Жанасова: Қазпошта бүгінде тек пошта қызметі ғана емес
23 маусым 2023, 11:00 1181

Әсел Жанасова: Қазпошта бүгінде тек пошта қызметі ғана емес

Әсел Жанасова: Қазпошта бүгінде тек пошта қызметі ғана емес

«Қазпошта» АҚ басқарма төрағасы Әсел Жанасова Inclusive Fintech Forum халықаралық финтех форумына қатысты.

Қазпошта СЕО Әсел Жанасова Inclusive Fintech Forum халықаралық финтех форумында компанияның қазір қандай инклюзивті стратегия қағидаттарын ұстанатыны туралы айтып берді. Компанияның баспасөз қызметі Әсел Жанасованың өзекті ойларын жинақтап ұсынды:


  • Қазпошта – елдегі ең ірі жұмыс берушілердің бірі және ол ауыл тұрғындарының жұмыспен қамтамасыз етілуін үнемі қолдайды. Қазпошта қызметкерлерінің 90%-ы өңірлерде жұмыс істейді. Ал жұмысшылардың 60%-дан астамы әйелдер.
  • Қазпошта – қала мен ауыл арасындағы коннектор, ол мемлекеттік органдар мен ауыл халқын байланыстыратын ұйым. Биылғы көктемнен бастап 100 ауылдық пошта бөлімшелерінде мемлекеттік қызметтер қолжетімді бола бастады. Пошталық цифрлық қызметтер ауыл тұрғындарының өмірін өзгертті. Тек пошта бөлімшелерінде ауылдық жерлерде тұратын қазақстандықтар банк шоттарын ашып, депозиттер мен кредиттер рәсімдей алады, ұлттық компаниялардың акцияларын сатып алып, сата алады.
  • Қазпошта зейнетақы мен әлеуметтік жәрдемақыларды жеткізіп, әр азаматқа, оның ішінде елдің ең шалғай өңірлерінде тұратын тұрғындарға ақша бере алады. Қаражатты басқару – бұл экономикалық инклюзия.

  • Қазпошта – аудан орталықтары мен ауылдардағы жергілікті қауымдастық үшін басты қызмет алу орталығы. Мұнда ең негізгі пошта және қаржылық қызметтер шоғырланған.
  • Қазпошта өңірлердегі шағын кәсіпкерлер мен қолөнершілерге қолдау көрсетіп, оларға электрондық коммерция саласында бизнес жүргізуге көмектеседі.
  • Қазпошта бүгінде тек пошта қызметі ғана емес. Қазақстанда 19 млн адам тұрса, солардың әрқайсысы компания қызметімен қамтылуы тиіс. СЕО Қазпошта пікірінше, «клиент және мәдениет – бұл технологиялардың алдында тұрған басты нәрсе. Қолданыстағы технологияларды қазіргі мәдениетке енгізуге тырыспаңыздар, алайда қолданыстағы мәдениетке және тұтынушының мәселелеріне баса назар аударыңыздар, содан кейін осы мәселелерді шеше алатын технологияны табуға тырысыңыздар. 
Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: