Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
«Әскерилендірілген теміржол күзеті» ЖШС (ӘТЖК) Атырау филиалы 2025 жылдың қорытындысы бойынша «ҚТЖ» ҰК» АҚ жүйесіндегі үздік ұжым болып танылды.
Ұжым жалпы ұзындығы 2163 шақырым магистральдық желінің Атырау және Маңғыстау бөлімшелеріне қызмет көрсетеді. Филиалдың жауапкершілік аймағына бес мемлекетаралық түйісу пунктіі: Ақсарай-2 станциясы (Ресей Федерациясымен шекарада), Қарақалпақстан (Өзбекстан Республикасымен шекарада), Түркіменстанмен шекарада, оның ішінде Болашақ кіреді.
Сонымен қатар, мамандар Ақтау халықаралық теңіз сауда портынан, Ақтау порты станциясынан және Құрық порты арқылы келетін пойыздардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Қызмет көрсету учаскелерінде 8 атқыштар командасы (Сағыз, Мақат, Атырау, Ганюшкино, Бейнеу, Маңғыстау, Ақтау порты және Құрық порты станцияларында) және 3 атқыштар тобы (Құлсары, Сайөтес және Өзен станцияларында) орналасқан.
Орташа тәулік ішінде филиалдың күзетіне 104 пойыз (3180-ден астам вагон) түседі. Қызметкерлердің кәсібилігінің арқасында соңғы екі жылда қорғалатын объектілерде сақталмау, жүктердің жетіспеуі немесе оларды ұрлау әрекеттері және өндірістік жарақат алу фактілері тіркелген жоқ.
Сонымен қатар, ішкі және транзиттік тасымалдауда маңызды рөл атқаратын стратегиялық объектілерді, Жайық пен Соколок өзендері арқылы өтетін көпірлерді қорғау жүзеге асырылуда. Филиалдың басты міндеттері – тасымалдау процесінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, ұрлықтың алдын алу және мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылды нығайту.
Жеке құрамды оқытуға, нөлдік жарақатқа қол жеткізу үшін еңбек жағдайлары мен еңбекті қорғауды жақсартуға, сондай-ақ қызметкерлерді материалдық-техникалық қамтамасыз етуге және ұжым ішіндегі бірлікті нығайтуға ерекше назар аударылады.
28
09 октября 14:27
«Самұрық-Қазына» компаниялары жылыту маусымына дайындық бойынша есеп берді
73
09 октября 12:05
Работник Павлодарского нефтехимического завода – двукратный чемпион Всемирных игр кочевников
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
236
02 октября 16:41
День без бумаги