Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
Қазақстанда әуе компаниялары ұшуға шектеу қойылған жолаушылардың жеке тізімін жасай алады. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев Мәжілісте айтып берді, деп хабарлады ҚазАқпарат агенттігі.
«Авиакомпанияларға әуе тасымалы шектелген адамдардың жеке тізілімін жүргізуге мүмкіндік беретін норма енгізіледі. Алайда азаматтар мұндай тізімге тек ұшақ бортындағы құқықбұзушылық үшін және оларды қылмыстық немесе әкімшілік жауапкершілікке тарту нәтижесінде кінәсі дәлелденген жағдайда ғана енгізіледі», – деді Қайырбек Өскенбаев Мәжіліс отырысында.
Оның айтуынша, халықаралық тәжірибені назарға ала отырып, заң жобасында «әділ мәдениет» (Just Culture) ұғымын енгізу көзделген. Оның негізгі қағидаты – азаматтық авиация саласындағы қасақана бұзушылықтарға немесе немқұрайлы мінез-құлыққа төзбеушілік.
«Сондай-ақ, заң жобасында Жер кодексіне оны авиациялық заңнамамен байланыстыру үшін және ұшу қауіпсіздігіне қатер төндіретін қызметке рұқсат бермеу туралы өзгерістер енгізу көзделген. Әуеайлақтан 15 км радиуста ферма, мал сою алаңдарын және басқа да объектілерді салу, ауыл шаруашылығы қызметін жүзеге асыру, егер олар құстардың жаппай жиналуына жағдай жасамаса және ұшу қауіпсіздігіне қауіп төндірмесе, мүмкін болады», – деп түсіндірді Қайырбек Өскенбаев.
Айта кетейік, Мәжілісте «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне көлік мәселесі бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды. Заң жобасы Қазақстан Республикасының 4 кодексі және 16 заңына өзгертулер мен толықтырулар енгізуді көздейді.
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
120
08 декабря 15:39
Сотрудник АлЭС выиграл квартиру в финале проекта «Ең мықты»