Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
Ұлттық тасымалдаушы Астана-Семей, Ақтөбе-Алматы, Алматы-Шымкент бағыттарында әйелдерге арналған вагондарды іске қосты.
Бұрын бұл вагондар тек 8 бағытта болса, енді олардың саны 11-ге дейін артты. Әйелдерге арналған вагондармен жүретін пойыздар:
- №354/353 «Астана - Семей»,
- №24/23 «Ақтөбе - Алматы»,
- №25/26 «Алматы - Шымкент»,
- №77/78 «Алматы - Маңғыстау»,
- №351/352 «Алматы - Өскемен»,
- №45/46 «Павлодар - Түркістан»,
- №37/38 «Маңғыстау - Семей»,
- №47/48 «Атырау - Астана»,
- №33/34 «Ақтөбе - Алматы-1»,
- №4/3 «Астана - Алматы-2»,
- №71/72 «Астана - Шымкент».
Бұл вагондар алғаш рет 2021 жылы әйелдердің жол жүру кезінде жайлылығын арттыру мақсатында енгізілген болатын. Мұндай вагондардағы билеттердің бағасы қарапайым вагондардағы билеттерден ерекшеленбейді. Алайда әйелдерге арналған вагондарға билеттер тек әйелдерге сатылады және олармен бірге жеті жасқа дейінгі ұл балалар ғана саяхаттай алады. Бұл вагондарда тек әйел жолсеріктер жұмыс істейді.
Қызмет іске қосылған сәттен бастап, әйелдерге арналған вагондарға шамамен 342 мың әйел билет сатып алған. Бұл көрсеткіш қызметтің жолаушылар арасында сұранысы артып келуін көрсетеді.
Әйелдерге арналған вагондары бар пойыздардың жаңа бағыттарына билеттерді bilet.railways.kz сайтында және теміржол вокзалдарындағы «Жолаушылар тасымалы» АҚ кассаларында сатып алуға болады. Билеттер болмаған жағдайда жолаушылар ақысыз негізде «Күту парағы» қызметті пайдалана алады.
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
130
08 декабря 15:39
Сотрудник АлЭС выиграл квартиру в финале проекта «Ең мықты»