Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
Тәуелсіздік жылдары дүниеге келген мұнайшылар – қара алтын өндірушілердің салған сара жолын жалғап келе жатқан жас буын. Ел ертеңі саналатын оларға азаматтық һәм маман ретінде маңызды жауапкершілік жүктелген.
Нұрбол Абаев – ғылыми-зерттеу және өндірістік жұмыстар цехінің аға инженері. Мұндай маңызды қызмет аналитикалық және тәжірибелік ойлауды, өзін-өзі дамыту мен ғылымға деген ұмтылысты қажет етеді. Аталмыш салада еңбек ету Нұрболдың бала күнгі арманы. Шетпе ауылында туып өскен ол, Шахмардан Есенов атындағы университеттен геолог мамандығын бітіріп шықты. Кейін И.М. Губкин атындағы ҰИУ-нің магистратурасын тәмамдады. Жас маман қазіргі өз қызметін мақтан тұтады.
«Әкем – дәрігер, ағаларым – мұнайшы. Сондықтан бұл сала мен үшін бала күннен жақсы таныс. Қызығушылым да басым болды. Қазір мен ұңғымалардағы сұйықтық деңгейін зерттеу, қысымды тексеру, үш фазалы сепараторды талдау сияқты қызметтерді атқарамын. Тәуелсіздіктің құрдасы ретінде Қаражанбаста еңбек етіп келе жатқан 7 жылдан астам уақыт ішінде Отанымның дамуына үлес қосып жүргенімді мақтан тұтамын», – дейді Нұрбол.
30 жасқа қадам басқан Нұрбол – тәжірибелі маман. Еңбек жолын ғылыми-зерттеу және өндірістік жұмыстар цехінде оператор болып бастаған ол кейін №2 мұнай өндіру цехінде геолог қызметін атқарды.
Кейіпкеріміздің тағы бір жетістігі – отбасы. Жарымен бірге 4 баланы тәрбиелеп отырған әке болашақта тек өз перзенттеріне емес, бүкіл елдің өскелең ұрпағы үшін үлгілі тұлға болуды қалайды.
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
66
05 декабря 15:38
«К каждому нужен подход»: будни проводницы женского вагона
71
05 декабря 14:38
Минэнерго показало журналистам работу стратегических энергообъектов столицы