Главная Новости Ахмет Байтұрсынұлының мерейтойына арналған пошта маркасы шықты
29 маусым 2022, 13:28 2402

Ахмет Байтұрсынұлының мерейтойына арналған пошта маркасы шықты

Ахмет Байтұрсынұлының мерейтойына арналған пошта маркасы шықты

Ұлт ұстазы, тіл білімі ғылымының атасы, реформатор, түркі жұртына ортақ ұлы тұлға Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына арналған мерейтойлық пошта маркасы шықты. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитетінің төрағасы Әділбек Қаба жазды.

Дизайны «Қазпошта» АҚ-мен келісілген марка енді ұлы тұлғаны тек әлем жұртшылығына танытып ғана қоймайды, сонымен қатар Ахмет Байтұрсынұлы бейнесі сан ғасырлар бойы ұрпақтар жадында сақталатын болады.

Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің ақпаратына сәйкес аталған министрліктің 2022 жылғы 31 мамырдағы «Қазақстан Республикасы пошта төлемінің мемлекеттік белгілерінің түрлері мен көлемдерін бекіту және пошта айналымына енгізу туралы» бұйрығымен 2022 жылғы 3 маусымнан пошта маркасы 2 000 000 (2 миллион) дана мөлшерінде басып шығарылып, айналымға енгізілді.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: