Главная Новости Air Astana әуе паркін жаңғырту аясында Airbus A320neo ұшақтарын таңдады
21 ноября 2025, 14:43 200

Air Astana әуе паркін жаңғырту аясында Airbus A320neo ұшақтарын таңдады

Air Astana әуе паркін жаңғырту аясында Airbus A320neo ұшақтарын таңдады

Air Astana әуе паркін ауқымды жаңғырту бағдарламасы аясында 50-ге дейін Airbus A320neo ұшақтар отбасы әуе кемелерін алуды көздейтін өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойды. Әуекомпания тарихындағы ең ірі тапсырыс бойынша 25 ұшақ нақты сатып алынады да, тағы 25 ұшақ үшін опцион қарастырылған.

Келісім Airbus A320neo және A321neo ұшақ үлгілерін қамтиды, алғашқы жеткізілімдер 2031 жылдан басталады. Тапсырыстың едәуір бөлігі Airbus A321LR нұсқасына тиесілі. Air Astana осы үлгідегі әуе кемелеріне премиум санаттағы салон компоновкасын орнатқан алғашқы әуе компанияларының бірі болды және оларды Азия мен Еуропа бағыттарындағы ұзақ қашықтықтағы рейстерге кеңінен қолданып келеді.

Соңғы бес жылда Air Astana-ның A321LR пайдалану тәжірибесі осы нұсқаның жаңа операторлары үшін халықаралық деңгейде эталонға айналды. Аталған келісім осы айдың басында жарияланған басқа ірі тапсырысты толықтырады және акционерлердің мақұлдауын қажет етеді.

«Air Astana компаниясының Airbus A320neo ұшақтарына берген ірі тапсырысы оның ұзақ мерзімді кезеңде операциялық тиімділік пен жоғары қызмет көрсету стандарттарын сақтау жөніндегі берік ұстанымын айқын көрсетеді. A320neo отбасының әуе кемелері көп жылдан бері біздің флотта сенімділігімен танылып келеді, ал жаңа ұшақтар компанияның орнықты дамуына және ұзақ мерзімді табыстылығына ықпал ететініне сенімдімін», - деді Air Astana бас атқарушы директоры Питер Фостер.

Air Astana алғашқы Airbus A320ceo ұшағын флотына 2006 жылы енгізіп, оны ішкі бағыттарда және Орталық Азия мен Кавказ елдеріне халықаралық рейстерде пайдаланды. Airbus A320neo жаңа буын әуе кемесі флотқа 2016 жылдың қарашасында, ал алғашқы Airbus A321LR 2019 жылдың қыркүйегінде қосылды. A321LR ұшақтары әуекомпанияның Азия мен Еуропа бағыттарындағы ұзақ қашықтықтағы ұшуларын орындайды.

Қазіргі уақытта Air Astana әуе компаниялар тобының паркінде 62 ұшақ бар, олардың 59-ы Airbus A320 үлгісіндегі әуе кемелері. Бұл ұшақтар Air Astana мен оның бюджеттік әуе тасымалдаушысы FlyArystan ұшуларында қолданылады.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: