Главная Новости Air Astana алдағы он жылда 39 ұшақ сатып алуды жоспарлаған
04 мамыр 2021, 11:21 2806

Air Astana алдағы он жылда 39 ұшақ сатып алуды жоспарлаған

Air Astana алдағы он жылда 39 ұшақ сатып алуды жоспарлаған

Қазақстан әуе компаниялары қыруар шығынға батып жатыр. 2021 жылдың алғашқы тоқсанында оның көлемі 12 миллиард теңгеге жеткен. Яғни отандық компаниялар өткен жылғы жағдайдан кейін әлі есін жиған жоқ, деп хабарлайды SKnews.kz 24.kz сайтына сілтеме жасап.  

Айта кетейік, короновирусқа байланысты әуе рейстері толықтай дерлік тоқтатылған болатын. Ол кезде шығын көлемі 350 миллиард теңгеден асып түсті. Қазіргі таңда ішкі бағыттар бойынша ұшақтар қатынап жатыр. Ал халықаралық рейстер 23 процентке ғана жанданды. Бұл әуе компанияларын кәдімгідей тығырыққа тіреді. Мәселен, Air Astana жолаушыларының 27 процентін, ал SCAT жартысынан астамын жоғалтты. Қаңтар айынан бастап отандық компаниялар 2 миллионға жуық адамды тасымалдаған. Әзірге шығынын жауып, біртіндеп пайда көріп жатқан жалғыз компания бар. Ол Qazaq Air. Өйткені ол ішкі рейстерді ғана орындайды.  

Тимур Тілегенов, ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитеті басқармасының жетекшісі:

- «Ашық аспан» режимі нарыққа жаңа әуе компанияларын тартып, жаңа бағыттарды ашады деп үміттенгенбіз. Халықаралық тасымалдаушылар үшін барлық шектеу алынып тасталды. Бірақ коронавирусқа қатысты жағдай жоспарды быт-шыт қылды. Мәселен, пандемияға дейін біз 26 елмен байланыс орнатқан едік. Яғни аптасына 99 бағыт бойынша 440 рейс қатынады. Ал қазір 13 елмен ғана әуе қатынасы жанданды. 26 бағытқа қатынаймыз. Әуе рейстарінің саны аптасына 104 ғана.

Шығынның аяқасты артуы әуе паркін жаңартуға мүмкіндік бермей отыр. Мәселен, Air Astana компаниясы алдағы 10 жылда 39 жаңа ұшақ сатып алуды жоспарлаған. Бірақ қалыптасқан жағдайға байланысты бәрі кейінге қалды. Енді ол жолаушылар ағыны жақсарып, экономикалық жағдай тұрақталғаннан кейін ғана жүзеге асады. Есесіне Air Astana жүк тасымалына қатты басымдық беріп отыр. Бұрын жолаушыларды тасыған «Боинг-767» ұшақтары қазір жартылай жүк таситын әуе кемесіне айналды. Жалпы негізгі әуе тасмалдаушыларда қазір 60-қа жуық ұшақ бар. Олардың ішінде Qazaq Air әуе кемелері салыстырмалы түрде жаңа. Ұшақтардың шыққанына 3 жылдан аса уақыт өтті. Ал SCAT ұшақтарының қатынап жүргеніне кемінде 12-13 жыл болды.

Басқа елдерде де осыған ұқсас жағдай болды. Тіпті биыл әлемдік авиацияның шығыны 47 миллиард долларға жетуі мүмкін деген болжам бар. Ал өткен жылы көрсеткіш 3 есеге жоғары болды. Әуе қатысының халықаралық қауымдастығы бұл жағдай 2023 жылдан кейін ғана тұрақталатынын алға тартады.
 

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS
SK NEWS 31 октября, 2024№SK News №19-20 (248-249) SK NEWS 30 сентября, 2024№№17-18 (246-247) SK NEWS 30 августа, 2024№№15-16 (244-245) SK NEWS 31 июля, 2024№№13-14 (242-243) SK NEWS 01 июля, 2024№№11-12 (240-241) SK NEWS 07 июня, 2024№№9-10 (238-239) SK NEWS 30 апреля, 2024№№7-8 (236-237) SK NEWS 29 марта, 2024№№5-6 (234-235) SK NEWS 29 февраля, 2024№№3-4 (232-233) SK NEWS 01 февраля, 2024№№1-2 (230-231) SK NEWS 21 декабря, 2023№№23-24 (228-229) SK NEWS 01 декабря, 2023№№21-22 (226-227) SK NEWS 31 октября, 2023№№19-20 (224-225) SK NEWS 29 сентября, 2023№№17-18 (222-223) SK NEWS 04 сентября, 2023№№15-16 (220-221) SK NEWS 01 сентября, 2023 SK NEWS 28 июля, 2023№№13-14 (218-219) SK NEWS 30 июня, 2023№№11-12 (216-217) SK NEWS 31 мая, 2023№№9-10 (214-215) SK NEWS 02 мая, 2023№№7-8 (212-213) SK NEWS 31 марта, 2023№№5-6 (210-211) SK NEWS 28 февраля, 2023№№3-4 (208-209) SK NEWS 31 января, 2023№№1-2 (206-207) SK NEWS 14 декабря, 2022№№23-24 (204-205) SK NEWS 30 ноября, 2022№№21-22 (202-203) SK NEWS 01 ноября, 2022№№19-20 (200-201) SK NEWS 30 сентября, 2022№№17-18 (199-20) SK NEWS 31 августа, 2022№№15-16 (197-198) SK NEWS 28 июля, 2022№№13-14 (195-196) SK NEWS 30 июня, 2022№№11-12 (193-194) SK NEWS 31 октября, 2024№SK News №19-20 (248-249) SK NEWS 30 сентября, 2024№№17-18 (246-247) SK NEWS 30 августа, 2024№№15-16 (244-245) SK NEWS 31 июля, 2024№№13-14 (242-243) SK NEWS 01 июля, 2024№№11-12 (240-241) SK NEWS 07 июня, 2024№№9-10 (238-239) SK NEWS 30 апреля, 2024№№7-8 (236-237) SK NEWS 29 марта, 2024№№5-6 (234-235) SK NEWS 29 февраля, 2024№№3-4 (232-233) SK NEWS 01 февраля, 2024№№1-2 (230-231) SK NEWS 21 декабря, 2023№№23-24 (228-229) SK NEWS 01 декабря, 2023№№21-22 (226-227) SK NEWS 31 октября, 2023№№19-20 (224-225) SK NEWS 29 сентября, 2023№№17-18 (222-223) SK NEWS 04 сентября, 2023№№15-16 (220-221) SK NEWS 01 сентября, 2023 SK NEWS 28 июля, 2023№№13-14 (218-219) SK NEWS 30 июня, 2023№№11-12 (216-217) SK NEWS 31 мая, 2023№№9-10 (214-215) SK NEWS 02 мая, 2023№№7-8 (212-213) SK NEWS 31 марта, 2023№№5-6 (210-211) SK NEWS 28 февраля, 2023№№3-4 (208-209) SK NEWS 31 января, 2023№№1-2 (206-207) SK NEWS 14 декабря, 2022№№23-24 (204-205) SK NEWS 30 ноября, 2022№№21-22 (202-203) SK NEWS 01 ноября, 2022№№19-20 (200-201) SK NEWS 30 сентября, 2022№№17-18 (199-20) SK NEWS 31 августа, 2022№№15-16 (197-198) SK NEWS 28 июля, 2022№№13-14 (195-196) SK NEWS 30 июня, 2022№№11-12 (193-194)

Смотрите также

Видео Все видео
Фотоальбомы Все альбомы
Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: