Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
Air Astana Airbus A321LR ұшақтарын жоғары жылдамдықты спутниктік Wi-Fi жүйесімен жабдықтауды бастады. Жоба спутниктік байланыс қызметтерін ұсынатын әлемдік SES компаниясымен бірлесіп жүзеге асырылды. Жабдықты әуекомпанияның техникалық мамандары компанияның техникалық базасында орнатты.
Жоғары жылдамдықты спутниктік Wi-Fi жүйесімен жабдықталған алғашқы Airbus A321LR ұшағы 2026 жылғы 29 қазанда Алматы–Ташкент бағыты бойынша интернет қосылған алғашқы рейсін орындады.
Жоба Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі мен Көлік министрлігінің қолдауымен жүзеге асырылды.
«Өткен жылы әуе кемелерінде спутниктік интернетті енгізуге қажетті нормативтік-құқықтық базаны қалыптастыру бағытында ауқымды жұмыс жүргізілді. Халықаралық серіктестермен, спутниктік байланыс операторларымен және бейінді ұйымдармен бірлесіп, авиацияда геостационарлық емес спутниктік жүйелерді пайдалануға қойылатын талаптарды айқындадық. Бұл технологияны іс жүзінде енгізуге жол ашты. Air Astana-ның спутниктік байланыс жүйесімен жабдықталған алғашқы ұшағы осы жұмыстың нақты нәтижесі. Біз адамдардың сапар кезінде, соның ішінде пойызбен және ұшақпен жүргенде де, байланыста бола алуы үшін сапалы интернетке қолжетімділікті кеңейтуді жалғастырамыз», – деді Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары, Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев.
«Жоғары жылдамдықты Wi-Fi жолаушыларға ұшу кезінде интернетті пайдалануға және байланыста болуға мүмкіндік беріп, сапарды жайлы ете түседі. Сонымен қатар жабдықты өзіміздің техникалық мамандарымыздың орнатуы Air Astana-ның инженерлік құзыретін одан әрі дамытуға мүмкіндік береді. Авиацияда спутниктік интернетті енгізуге қолдау көрсеткені үшін Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі мен Көлік министрлігіне алғыс айтамыз», – деді Air Astana бас атқарушы директоры Ибрахим Жанлыел.
2027 жылғы 31 қаңтарға дейін промо-кезең аясында барлық жолаушы интернетті тегін пайдалана алады. 2027 жылғы 1 ақпаннан бастап Wi-Fi желісіне тегін қосылу мүмкіндігі бизнес-класс жолаушыларына және Nomad Club бағдарламасының Gold пен Diamond мәртебесі бар мүшелеріне қолжетімді болады. Nomad Club бағдарламасының барлық деңгейдегі мүшелері ұшақта хабарлама алмасу қызметтерін тегін пайдалана алады, ал басқа жолаушылар интернет пакеттерін сатып ала алады.
Airbus A321LR әуе паркін жоғары жылдамдықты Wi-Fi жүйесімен жабдықтау жұмыстары 2027 жыл бойы кезең-кезеңімен жалғасады.
SES туралы
Бас кеңсесі Люксембургте орналасқан SES – көп орбиталы спутниктер паркі мен жаһандық жерүсті желісі арқылы байланыс қызметтерін ұсынатын халықаралық компания. Intelsat компаниясын сатып алғаннан кейін SES-тің жиынтық салалық тәжірибесі 100 жылдан асады.
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
442
15 октября 15:23
Более 4 тысяч видеокамер установили в поездах КТЖ