Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
Жалпы түсім мен өзге де кірістер 16,1%-ға өсіп, 763,9 млн долларға жетті. Алты айдың қорытындысы бойынша топ авиакомпаниялары 4,4 млн жолаушы тасымалдады, ал орташа жүктеме коэффициенті 82,4%-ға дейін артты.
Топтың бас атқарушы директоры Ибрахим Жанлыелдің айтуынша, екінші тоқсанда топтың жоғары өсу қарқыны сақталды: түсім мен өзге де кірістер 18,3%-ға өсті. Бұл баға қалыптастыруда жүйелі тәсіл мен тасымалдау сыйымдылығын халықаралық бағыттардың пайдасына қайта бөлу арқылы мүмкін болды және бұл кірістіліктің айтарлықтай артуына ықпал етті.
Халықаралық бағыттар желісін дамытудың негізгі бағыты - Қытай нарығы. Шанхайға рейстер ашылғаннан кейін әуе компаниясы Гуанчжоу, Үрімші және Сиань қалаларына рейстерді іске қосып, өткен жылмен салыстырғанда жазғы маусымдағы тасымалдау сыйымдылығын шамамен екі есеге арттырды.
2026 жылдың соңына дейін Air Astana Қытайға тоғыз бағыт бойынша аптасына 51 рейс орындайды. Сонымен қатар, Үндістанға, Еуропа елдеріне, Оңтүстік-Шығыс Азияға, Орталық Азия мен Кавказға рейстердің жиілігі артты. Бағыттар желісінің кеңеюі Алматы мен Астананың транзиттік әлеуетін нығайтып, Қазақстанның өңірлік авиациялық хаб ретінде дамуына ықпал етеді. Бүгінде Air Astana - түсім көлемі мен әуе флотының саны бойынша Орталық Азия мен Кавказдағы ең ірі авиациялық топ. Оның әуе паркінде 63 ұшақ бар.
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!