Главная Новости Мақат – Ақтау теміржолының түйіскен тұсына ескерткіш қойылды
10 мамыр 2024, 09:41 507

Мақат – Ақтау теміржолының түйіскен тұсына ескерткіш қойылды

Мақат – Ақтау теміржолының түйіскен тұсына ескерткіш қойылды

Биыл Маңғыстау теміржолының тарихы үшін маңызды жыл. Осыдан тұп-тура 60 жыл бұрын, 1964 жылы Мақат – Ақтау теміржолы түйісіп, қарт түбекке тұңғыш пойыз келген. Жуырда жергілікті теміржолшылар бұл датаны ұмыт қалдырмай, Маңғыстау теміржолын Қазақ теміржолымен алғаш байланыстырған нүктеге ескерткіш белгі қойды.

Қазақстан темір жолының 120 жылдық және Маңғыстау теміржолының 60 жылдық мерейтойына арналған бұл ескерткіш белгі №10 бекетке орнатылды. Өйткені Мақаттан Ақтауға қарай тартылған теміржол дәл осы жерде тоғысқан болатын. Осы тарихи датаның ұрпақтар есінде мәңгі сақталып қалуы үшін теміржол түйіскен жыл мен ай-күні ескерткішке ойып жазылған. Ескерткіш белгі қою рәсіміне жергілікті теміржолшылармен қатар өзге өңірлерден келген қонақтар да қатысты. Ескерткіштің лентасы салтанатты түрде қиылып, ардагерлер теміржол тартылған жылдардан естелік айтты. Маңғыстау теміржолының іргетасын қаласқан азаматтардың еңбегі ерекше аталып, өмірден өткен теміржолшылар рухына тағзым етілді. Маңғыстау қосалқы бөлімі бастығы Н.Ғұбашов сөз алып, тарихқа аз-кем шолу жасап өтті.  

«Қазақ теміржолының 120 жылдық мерейтойымен тұспатұс келген Маңғыстау теміржолының 60 жылдық мерекесімен баршаңызды құттықтаймын. Осыдан 60 жыл бұрын маңғаз Маңғыстауға теміржол төселген болатын. 1961 жылы шілденің 5-жұлдызында Жетібайдан алғашқы мұнай фонтаны атқылап, бұған дейін сырын ішіне бүгіп жатқан қарт түбек бар байлығын сыртқа шығарған. Міне, осы мол мұнай мен газ қорын, стратегиялық қорғаныстық маңызға ие бағалы қазба байлықтарды игеру үшін Маңғыстауға темір жол тарту мәселесі күн тәртібіне қойылған еді. 1964 жылы маусым айының 29-да түйісіп, Мақат пен Ақтау арасын 704 шақырымдық темір жол жалғады. Осынау тарихи сәтті ұрпақ жадына мәңгілікке қалдыру үшін ескерткіш белгі қалдыруды жөн санадық. Киелі Маңғыстау өңірінің теміржолы дами берсін, теміржолшылардың абыройы асқақтап, мәртебесі өсе берсін!», – деп сөзін аяқтады бөлімше басшысы.  

Шахида Жұман

Дереккөз: "Қазақстан теміржолшысы"

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: