Главная Новости Акционерлер «Рожков» кен орнын толық көлемде игеру мәселелерін талқылады
12 қыркүйек 2024, 11:27 259

Акционерлер «Рожков» кен орнын толық көлемде игеру мәселелерін талқылады

Акционерлер «Рожков» кен орнын толық көлемде игеру мәселелерін талқылады

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасы Асхат Хасенов Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында «Урал Ойл энд Газ» ЖШС акционерлерінің өкілдері — MOL Group барлау және өндіру жөніндегі атқарушы вице-президенті Жомбор Мартонмен және Sinopec компаниясының шетелдік жобалар жөніндегі вице-президенті Чжао Гуанминмен кездесті.

Акционерлер ішкі нарықтағы тауарлық газ пайдалану бойынша өсіп келе жатқан сұранысты  қанағаттандыру мақсатында газ өндіру көлемін ұлғайтудың маңыздылығын атап өтті.

Қазіргі уақытта өндіріліп отырған сұйытылған көмірсутек газдың көлемі Батыс Қазақстан облысының қажеттіліктерін толығымен жабады, сонымен бірге артылған мөлшерін еліміздің басқа өңірлеріне жеткізуге мүмкіндік бар.

Бизнес-серіктестер операторы УОГ болып табылатын «Рожков» кен орнын игеру жобасының екінші кезеңін іске асыру мәселелерін талқылады. УОГ басшылығына ұңғымаларды консервациядан шығару жұмыстарын жеделдету тапсырылды.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: