Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
Үкімет отырысында көлік инфрақұрылымын жаңғырту, халықаралық дәліздерді дамыту және кедендік рәсімдерді оңайлату жөніндегі шаралар туралы көлік вице-министрі Мақсат Қалиақпаров баяндады.
Ол Каспий торабын дамыту аясында Ақтау және Құрық теңіз порттарын жаңғырту жұмыстары қарқынды жүріп жатқанын хабарлады.
«Ақтау портында контейнерлік хаб салу бойынша жобаны іске асыру басталды. Жұмыстың аяқталуы келесі жылдың соңына жоспарланған. Оны іске асыру порттың өткізу мүмкіндігін жылына 250 мың ЖФБ-ға дейін арттыруға мүмкіндік береді. Құрық портына келетін болсақ, биыл қуаты жылына 1 млн тонна болатын жаңа астық терминалы іске қосылды», - деді вице-министр.
Қорғас торабы бойынша «SKYHANSA» ЖШС қазақстандық-германдық бірлескен кәсіпорны жүк-жолаушылар әуежайының жобасын іске асыру бойынша жұмыс бастаған. «Қорғас» АЭА аумағында жүк терминалын, кедендік бақылау аймағын, жанармай қоймасын, әуе кемелеріне қызмет көрсетуге арналған авиациялық-техникалық орталықты және жүк әуекомпаниясын қамтитын авиация хабын құру жоспарлануда. Өткізу мүмкіндігін арттыру үшін Алтынкөл стансасын жаңғырту жоспарланған.
Осындай жұмысты Қырғызстанмен шекарада орналасқан Индустриялық сауда-логистикалық кешенде де жүргізу көзделген. Ал «Еуразия» трансшекаралық сауда орталығы мен «Орталық Азия» халықаралық өнеркәсіптік кооперация орталығында өткізу мүмкіндігін арттыру мақсатында «Подстепное – Федоровка» (144 км) автомобиль жолын жөндеу және «Дарбаз – Мақтаарал» (152 км) теміржол желісінің құрылысын жүргізу күтіліп отыр.
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
63
05 декабря 15:38
«К каждому нужен подход»: будни проводницы женского вагона
68
05 декабря 14:38
Минэнерго показало журналистам работу стратегических энергообъектов столицы