Главная Новости Ақтау порты мамырда контейнерлерді ауыстырып тиеудің көлемі бойынша рекорд орнатты
17 маусым 2024, 17:54 361

Ақтау порты мамырда контейнерлерді ауыстырып тиеудің көлемі бойынша рекорд орнатты

Ақтау порты мамырда контейнерлерді ауыстырып тиеудің көлемі бойынша рекорд орнатты

Ақтау теңіз порты 2024 жылдың мамыр айында контейнерлерді өңдеудің айлық көлемі бойынша өз рекордын қоя отырып, 5,1 мың ЖФЭ-нен асып түсті.

 "Контейнерлік тасымалдардың, оның ішінде ҚХР-дан Еуропа елдеріне Транскаспий халықаралық көлік бағдары (ТХКБ) бойынша екі есе өсуі байқалуда. Көптеген жөнелтушілер өз жүктерін ТХКБ бойынша қайта бағыттады. Бүгінгі таңда бұл маршруттың әлеуеті жоғары. Басты артықшылықтары – жүктерді жеткізу мерзімі және оның Суэц каналына қарағанда жүріп өтетін жолының қауіпсіздігі", - деп атап өтті теңіз портының бас диспетчері Вадим Новиков.

Контейнерлік жүктерді ауыстырып тиеудің жоғары көлемін өңдеу үшін осы жылдың тамыз айында теңіз порты қазіргі заманғы қуатты қайта тиеу техникасымен: жалпы және үйінді жүктерді ауыстырып тиеуге арналған 65 тонна жүк көтергіштігі жоғары ричстакерлермен және порталдық кранмен толықтырылады.

Жалпы, ағымдағы жылдың бес айында 15,8 мыңнан астам ЖФЭ ауыстырылып тиелді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңі көрсеткішінен 50% артық. Оның ішінде ТХКБ бойынша 14,3 мың ЖФЭ астам, өсім 2 есе.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: