Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаевтың қатысуымен Геолог күніне арналған салтанатты шара өтті, - деп хабарлайды Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Шараға Қазақстандық Мұнайшы-геологтар қоғамының президенті Балтабек Қуандықов, маңғыстаулық геологтар, сала ардагерлері, кен орындарының басшылары мен облыс студенттері қатысты.
Шара барысында ардагер геологтар Маңғыстаудың мұнай-газ саласындағы еңбектеріне тоқталып, естеліктерімен бөлісті. Жас мамандар мен болашақ геологтар өз ризашылықтарын білдіріп, геология саласының ардагерлерін құттықтады.

Жиын барысында бірқатар маманға облыс әкімінің алғыс хаты, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің, Геология комитетінің және "Kazenergy" қауымдастығының марапаттары табысталды.
Ардагер геолог-барлаушы Бисембай Бисенғалиевтің «Мен геолог-барлаушымын» және «Киелі өлкені өзгерткен барлаушылар» атты кітаптарының тұсаукесері өтті. Кітапта геология саласының қыр-сыры, барлаушылардың еңбегі мен өзі туралы естеліктер баяндалады.
Айта кетейік, бүгінде облыста 200-ге жуық геолог жұмыс істейді.

Аймақ басшысы Нұрлан Ноғаев ел экономикасының дамуына үлес қосып жүрген геологтарды мерекемен құттықтады.
"Жер асты байлығын халық игілігіне жаратуда, елдегі экономикалық ахуалдың артуына тау-кен өндірісі ардагерлері мен мамандарының еңбегі ұшан-теңіз. Қазіргі таңда мемлекет тарапынан тау-кен өндірісінің дамуына, орта, арнаулы, жоғары оқу орындарында білікті мамандарды даярлауға жан-жақты қолдау көрсетіліп жатыр. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев геологиялық барлау және жер қойнауын кешенді зерттеу ісіне тың серпін беру қажеттігін атап өтті. Бүгінгі таңда өңірдегі кенорындарында геологиялық барлау жұмыстары жүргізілуде. Бұл мұнай қорын анықтауға, мұнай мен газ өндіру көлемін арттыруға және мұнай компанияларына қызмет көрсететін мекемелердің жұмыс көлемін ұлғайтуға мүмкіндік береді", - деді Нұрлан Ноғаев.

10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
95
05 декабря 17:59
QID қауымдастығы «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі Дамир Суентаевты марапаттады
101
05 декабря 15:38
«К каждому нужен подход»: будни проводницы женского вагона