Главная Новости Ақтауда Мұхамеджан Тынышпаевтың 145 жылдығына орай спорттық сайыс өтті
28 маусым 2024, 15:27 444

Ақтауда Мұхамеджан Тынышпаевтың 145 жылдығына орай спорттық сайыс өтті

Ақтауда Мұхамеджан Тынышпаевтың 145 жылдығына орай спорттық сайыс өтті

Қазақтан шыққан тұңғыш теміржол инженері М.Тынышпаевтың туғанына 145 жыл мерейтойына орай Ақтау қаласында «Спорт– денсаулық кепілі» атты достық спорт ойындары ұйымдастырылды. Аталған іс-шараның ашылу салтанатына өңірге танымал теміржолшылар да қатысып, спорттық ойындардың шымылдығын түрді.

«AMANAT» партиясының Маңғыстау облыстық филиалының, облыстық білім басқармасының басшылығы мен мәслихат депутаттары және түбектің Құрметті теміржолшылары Табылды Әміров пен «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС Маңғыстау қосалқы бөлімінің бастығы Нәжімеден Ғұбашов қазақтың тұңғыш теміржол инженері туралы сөз алып, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.

Сайыста «AMANAT» партиясының филиалынан, білім басқармасынан, өңір жастарынан, теміржолшылардан бірнеше футбол, волейбол командалары мен тоғызқұмалақ, кір тасын көтеру, үстел теннисінен қатысушылар бақ сынады.  

Маңғыстау теміржолынан екі футбол, бір волейбол командасы мен басқа спорт түрлерінен барлығы 7-8 адам ойнады. Жарыстар қорытындысы бойынша тоғызқұмалақтан Бейнеу депосынан қауіпсіздік және еңбек қорғау инженері Жайлаубай Жалғасбаев екінші, Маңғыстау станциясында қауіпсіздік және еңбек қорғау инженері Айгүл Аяпова үшінші, үстел теннисінен логистика бөлімі диспетчері Ляззат Сисенова үшінші орынды еншіледі. Кір тасын көтеруден Маңғыстау жол дистанциясынан монтер Есен Жанжігітов екінші, Маңғыстау депосынан тепловоз машинисі Бауыржан Нұрбаев үшінші, үстел теннисінен Еламан Бақтығали үшінші орындарды алды.  

Ал волейболшы теміржолшыларға үшінші орын бұйырды. Футболшыларымыз бес команда ішінде топ жарып, тек партия филиалының командасына есе жібергені болмаса, Маңғыстау магистральдық желі бөлімшесі ұжымы екінші, депо жігіттері үшінші орынды еншіледі.  

Шахида Жұман,

Дереккөз: "Қазақстан теміржолшысы"

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: