Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
Жұмысшы мамандықтар жылы аясында Ақтауда 16-18 қазан аралығында QazaqGaz-дың Жастар форумы өтуде. Іс-шараға еліміздің барлық өңірінен 70-тен астам қызметкер жиналды.
Форум кәсіби дағдыларды дамытуға, еңбек құндылығын қалыптастыруға және компанияның жас мамандарын қолдауға бағытталған. Үш күн ішінде қатысушыларды оқу, шеберлік кластары және практикалық сессияларды қамтитын ауқымды бағдарлама күтіп тұр.
Форумның ашылуына "QazaqGaz "ҰК" АҚ омбудсмені Әзілхан Әбеуов қатысты. Ол қатысушыларға энергетика саласының болашағындағы жас қызметкердің рөлінің маңыздылығын атап өтті:
"Жас мамандар - QazaqGaz және еліміздің барлық энергетикалық саласының болашағы. Сіздерде өте креативті, стандартты емес шешімдерді табуға және өсудің жаңа бағыттарын ашуға мүмкіндік беретін білім мен шығармашылық ойлау бар",- деді Әзілхан Әбеуов.
Сонымен қатар, форум аясында QazaqGaz компаниялар тобы Жастар кеңесінің төрағалары өткен 9 айдағы жұмыс қорытындыларын талқылап, белсенді қатысушыларды алғыс хаттармен марапаттады. QazaqGaz жастар саясатының бағыты форум аясымен шектелмейді.
Қызметкерлер қан тапсыру акцияларына, мұқтаж жандарға көмек көрсетуге бағытталған қайырымдылық акцияларына үнемі қатысып тұрады. Жүйелі түрде қаражат пен азық-түлік себеттерін жинауды ұйымдастырады. Биылғы іс-шара тәжірибе алмасу және бірыңғай жастар қауымдастығын құру алаңына айналды. QazaqGaz корпоративтік мәдениетті дәйекті түрде дамытады, жас мамандардың бастамаларын әркез қолдайды.

10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
67
05 декабря 15:38
«К каждому нужен подход»: будни проводницы женского вагона
76
05 декабря 14:38
Минэнерго показало журналистам работу стратегических энергообъектов столицы