Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
27 қаңтар күні «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 19 шағынауданда жаңа мектеп ашылды.
Аталған мектеп 1200 орындық, қазіргі таңда 2100 оқушы білім алуда. Білім ордасы қажетті заманауи құрал-жабдықтармен жабдықталған. Оқушыларға арналған робототехника, STEM, хореография, инклюзивті білім беру, сурет салу, қыш өнері кабинеті бар. Мектеп акт зал, екі спорт зал және кітапханамен қамтамасыз етілген.
Салтанатты шарада Ақтау қаласының әкімі Әбілқайыр Байпақов жаңа мектептің лентасын қиып, оқушылар мен ұстаздарды құттықтады.
«ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында еліміздің барлық өңірлерінде білім ордалары бой көтеріп жатыр. Мысалы, Ақтау қаласында бір оқу жылында 5 мектеп пайданалануға беріліп отыр. Оның ішінде 3 білім ордасы «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында салынды. Бұл іргелі жұмыстар мемлекет тарапынан өскелең ұрпақтың сапалы білім мен тәлім-тәрбие алуына барлық мүмкіндіктер жасалып отырғандығының айқын көрінісі деп айтуымызға болады. Ұстаздар мен оқушыларды жаңа мектептің ашылуымен құттықтаймын», - деді Әбілқайыр Байпақов.