Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
Ақтауда «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында теңіз жағасында сенбілік ұйымдастырылды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
«Gasyr Lyceum» мектеп-лицейі мен «Gasyr Foundation School» білім беру орталығы «Таза Қазақстан» республикалық акциясы қолдап, теңіз жағасында тазалық жұмыстарын жүргізді.
Шараға мектеп директоры, оқытушылар құрамы мен оқушылар қатысты.
Сенбіліктің мақсаты - қоршаған ортаны қорғау, және қоғамда экологиялық мәдениетті қалыптастыру. Шара аясында 100-ге жуық қап қоқыс шығарылды.