Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
«Ембімұнайгаз» АҚ-ның 100 жылдығына орай компанияның арнайы шақыртуымен Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрының ұжымы Атырауға гастрольдік сапармен келді. Театр актері Бекжан Тұрыс гастрольдік сапар қорытындысы бойынша өз пікірін білдірді.
– Күні кеше ғана Шығыста гастрольдық сапармен болған ұлттық театрымыз мұнайлы өлке – Атырауға келіп, өнер сапарын жалғастырды. «Қара алтынға» бай өңірдегі «ЕмбіМұнайГаз» компаниясының демеушілігінің арқасында осылай атыраулықтармен жүздестік. Үш күн бойы зал толы көрерменнің қошеметіне бөлендік, Махамбет Өтемісұлы атындағы облыстық театры актерлерінің ыстық ықыласына кенелдік.
Компанияның 100 жылдығына орай арнайы ұйымдастырылған бұл өнер сапары қала жұртшылығына рухани кеш сыйлады, ұлт руханиятының дамуына үлес қосты. Өз облысына тұтас бір театрды арнайылап шақырып, бір сәт өз жұртының рухани баюына жағдай жасаған «ЕмбіМұнайГаз» басшылығына мың алғыс! Қазақстанның әр өңірінің өзіндік ерекшелігі бар екені белгілі ғой, ал бұл – батыс жұртының руханияттың өркендеуіне, өнердің өсуіне айрықша мән беретінін ескерген тұңғыш компания.
Мерейтойды түрлі жиынмен, орынсыз шашылатын ырду-дырдумен өткізуге де болады, ал өз жұмысшыларының, өз жерлестерінің рухани азық алуына – сонау Алматыдағы ұлттық театрдың қойылымдарын тамашалауға мүмкіндік туғызған үлкен ұжым бұл. Облыстық театрдың ынтымағы жарасқан актерлері мен «ЕмбіМұнайГаздың» берекелі ұжымына ризашылығымыз шексіз! Біздің өнерімізге қол соққан көрерменнің әрқайсысы сіздерге іштей алғыс айтқанына, сіздер үшін марқайғанына сенімдімін! Шалғайдағы көрерменмен тағы бір мәрте қауыштырып, өнер адамдарын қуантқаныңыз үшін сіздерге алла разы болсын!
… Үш күн алақанға салып аялаған батыстағы бауырмал ағайынның ақ пейіліне разы болып, пәк көңіліне марқайып елге қайтып келеміз. Кез келген жаққа барғанда көрген жақсы бір қасиетті бойына сіңіріп, ізгілікті дәріптеу өнер адамының екінші міндеті деп ойлаймын.
Ол жақта – сіздер, бұл жақта біз аман болайық, атыраулықтар! Көріскенше күн жақсы, Жаратқан алдағы уақытта да амандықпен жүздесуді жазсын!
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
133
08 декабря 15:39
Сотрудник АлЭС выиграл квартиру в финале проекта «Ең мықты»