Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
Фото: Александр Жабчук
Петропавл қаласының «ЗИКСТО» зауыты шығарған 32 жаңа жолаушылар вагоны Ақтөбеге сәтті жеткізілді.
«Жолаушылар тасымалы» АҚ-ның жаңа вагондары бірінші кезекте Батыс өңірлік филиалына жолаушылар тасымалының сапасын жақсарту мақсатында әкелінді. Бүгінгі күні өңірде сұранысқа ие бағыттарда жаңа вагондармен тасымалдау жұмыстары жүргізіл жатыр.
Жылжымалы құрамның паркін жаңарту қажеттілігін ескере отырып, «Жолаушылар тасымалы» АҚ Көлік министрлігімен бірлесіп, жаңа жолаушылар вагондарын сатып алу бойынша жұмысты жоспарлы түрде жүргізуде.
Жаңа вагондардың жайлылығы жолаушылар мен жылжымалы құрам қызметкерлерінің оң бағасына ие болды.
«Біз бүгін алғаш рет жаңа вагонға отырдық. Жайлылық пен сапа деңгейі бізді ерекше таң қалдырды. Енді туған қаламызға жол жүру әлдеқайда қолайлы болатыны сөзсіз. Вагонның іші таза және барлық жағдайлар қарастырылған. Еліміз бойынша осындай пойыздар көп болсын. Ыңғайлы және сапалы пойыздар үшін алғыс білдіреміз!» - деп атап өтті, вагонның жолаушысы Темірбай Ниязов.

Заманауи тұрғыдағы вагондар Ақтөбе-Атырау, Маңғыстау-Атырау және басқа да көптеген сұранысқа ие бағыттарда пайдалануға енгізіліп, жолаушылар тасымалы сапасының деңгейін арттырды.
«Бүгін біз рейстен келдік. Тіркеме вагонды қосқанда Ақтөбе-Атырау бағытындағы вагондар саны - 11. Қалған 9 вагон Ақтөбе-Атырау-Маңғышлақ бағытында жүреді. Оның ішінде 5 вагон плацкарт типті, ал 4 вагон купе. Сондай-ақ, тіркеме вагонында екі купе бар. Вагондар өте жақсы жағдайда және жолаушылардың жол жүруіне қажетті барлық заттармен жабдықталған. Барлық жолаушыларға жаңа вагондар ерекше ұнады. Біз бұл өзгерістерге өте қуаныштымыз»- деді, жолаушылар пойызының бастығы Нұрболат Байпақов.
Жолаушылардың жайлылығын қамтамасыз ету мақсатында вагондар ауаны баптау қондырғысымен, ауаны тазарту сүзгілерімен, түтін датчиктерімен, биодәретханалармен, тамбурлардағы бейнебақылау жүйесімен жабдықталған. Купеде электр розеткалары мен USB қосқыштары бар.
Бұл жаңартулар жолаушылар тасымалының сапасын айтарлықтай жақсартып, аймақтағы теміржол тасымалының ұзақ мерзімді дамуына ықпал етеді.
178
13 марта 14:53
К празднику Наурыз Нацперевозчик дополнительно предоставит 2177 мест в пригородных поездах
345
02 марта 16:44
В Богатырь Комир прошел спортивный праздник к Международному женскому дню
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
204
11 марта 17:14
Жители 55 отдаленных сел получили доступ к интернету