Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
Ақтөбе облысы Темір ауданы Шұбарқұдық станциясында бүгін шілдехана. Теміржолшы жігіттің шаңырағында Мұстафа, Мүслім, Мұхаммед есімді үшем өмірге келді.
Шұбарқұдық локомотив айналым депосында (ТД 3) көмекші машинист болып еңбек ететін Әсет Сатаев бір сәтте шекесі торсықтай үш ұлдың әкесі атанғанына сенер-сенбесін білмей дал. Оған дейін де 4 балалы отбасында енді 7 бала бар деген сөз.
«Үшем екенін естігенде қуандық әрі қорықтық. Құдайға шүкір, бәрі сәтімен өтіп, әйелім аман-есен босанды. Нағашыларымда егіздер бар. Әйелімнің арғы аталарында да егіздер болған. Бірақ тұқымымызда үшем бізде ғана туды”, – деді Әсет Сатаев.
Теміржолшы жігіт келіншегін Ақтөбедегі перинаталдық орталықтан шығарып алды. Айтуынша, жұбайы босану орталығына бір ай бұрын түскен. Сосын дәрігерлер кесарь тілігі арқылы босандырып алған.
«Ананың да, балалардың да жағдайы жақсы. Сәбилердің салмағы 1700-1470- 1350 гр, бойлары 35-40 см болып туды», – деді перинаталдық орталықтың бас дәрігері Гүлшат Темірбаева.
Айта кетсек, биылғы жылдың 9 айында облыстық перинаталдық орталықта 5600-ден астам нәресте дүниеге келген. Оның 76-сы егіз, төртем – жалғыз.
Ардақ Ерубаева
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
78
10 декабря 11:56
Білікті маман Дастан Жүнісұлының еңбек жолы