Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
Қандыағаш вагон пайдалану депосының вагон қараушысы Әділхан Қалжанов пен келіншегі Гүлсая үшемдердің ата-анасы атанды. Осыған дейін үш ұл, бір қыз – төрт бала өсіріп отырған отбасы Хамза, Ибраһим, Ахмад есімді батырлармен толықты.
Үшемдер 7 тамыз күні Ақтөбедегі перинаталдық орталықта үшемдер өмірге келді. 2100 гр, 2400 гр, 2500 гр болып туылған нәрестелердің жағдайы жақсы. Теміржолшы жігіт өткен апта үш ұлын перзентханадан шығарып алды.
«Иә, қуанышымызда шек жоқ. Үлкендерім де мәз. «Бала – бақыт» деген, бізбен бірге қуанып, құттықтап жатқан барлық қазақстандықтарға алғысымыз шексіз», – деді теміржолшы жігіт.
Әділхан теміржол саласында төрт жылдан бері еңбек етеді. Өзі сол жүрген Қандыағаш станциясының тумасы. Анасы да теміржолшы болыпты, Қандыағаштағы ШЧ мекемесінде 25 жыл еңбек еткен.
Теміржолшының жұбайымен де тілдесуге тырыстық.
«Менің әкем мен анам жағынан да егіздер бар. Бірақ үшем болған жоқ. Қуанып жатырмыз. Алты апталығында үшем екенін білдік. Мен өзім үйде екі қыз болып өстім. Көпбалалы болуды армандадым. Шүкір, міне алты ұл, бір қызым бар. Жолдасым да балажан», – деп қуанышымен бөлісті көпбалалы келіншек Гүлсая Қалжанова.
Ардақ Ерубаева
Дереккөз: "Қазақстан теміржолшысы"