Главная Новости Ақтөбе облысының әкімдігінде «Жайлы мектеп» жобасын іске асыру мәселелері бойынша кеңес өтті
17 ақпан 2023, 09:30 1464

Ақтөбе облысының әкімдігінде «Жайлы мектеп» жобасын іске асыру мәселелері бойынша кеңес өтті

Ақтөбе облысының әкімдігінде «Жайлы мектеп» жобасын іске асыру мәселелері бойынша кеңес өтті

Ақтөбе облысының әкімі Ералы Тоғжанов ұлттық жобаны іске асыру және өңірлік даму департаментінің директоры Ербол Ахметов бастаған «Samruk-Kazyna Construction» АҚ делегациясын қабылдады.

Кейін Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Бұлбұл Елеусінованың төрағалығымен кеңес өтті, оған облыстың төрт ауданының әкімдері, құрылыс, білім беру, мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармаларының басшылары, коммуналдық кәсіпорындардың басшылары, «Атамекен» ҰКП өңірлік палатасының өкілдері және жергілікті құрылыс және жобалау компаниялары қатысты.

Кеңес барысында сұрақ-жауап форматында кездесуге қатысушылар жер телімдерінің шекараларын белгілеу, ресімдеу, параметрлерінің талаптары туралы, құрылыс кезеңіне сәулет-жоспарлау тапсырмаларын және уақытша техникалық шарттарды беру, сондай-ақ магистральдық инженерлік желілерді жобалау, оған қоса жергілікті материалдар мен жабдықтарды өндірушілердің қатысуы бойынша сұрақтарды талқылады. Сондай-ақ, кеңес аясында ұлттық жобаны іске асыру мониторингі бойынша ақпараттық платформа көрсетілді.

Өз кезегінде аудан әкімдері мен Ақтөбе қаласы әкімінің орынбасары ұлттық жобаны іске асыру бойынша бірлескен жұмысты жандандыруға дайындығын растай отырып, өз ұсыныстарын атап өтті.

Анықтама: Ақтөбе облысында «Жайлы мектеп» пилоттық ұлттық жобасы аясында 20 мектеп салу жоспарлануда, оның 4-і облыс аудандарында. «Samruk-Kazyna Construction» АҚ ұлттық жобаның нысаналы құрылысы жөніндегі Дирекция бола отырып, 2023 жылы – 14 мектеп, ал 2024 жылы 6 мектеп құрлысына кіріседі.

 

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: