Главная Новости Ақтөбе теміржолшылары қысқы маусымға дайын
11 қараша 2024, 14:30 353

Ақтөбе теміржолшылары қысқы маусымға дайын

Ақтөбе теміржолшылары қысқы маусымға дайын

Ақтөбелік теміржолшылар қысқа жақсы дайындықпен келді. Күзгі байқауды ойдағыдай өткізіп, қатал маусымға дайындық пысықталды. Әлеуметтік нысандарға көмір толық жеткізілді, 242 автокөлік қыс маусымына сақадай сай.  

Ақтөбе магистральдық желі бөлімшесі жол бөлімінің бастығы Бауыржан Хамзиннің есебіне сүйенсек, биыл жол жағдайын бағалау жоспары 100% орындалған. Биыл Ақтөбе аумағында 77,8 км жолға күрделі жөндеу жоспарының бүгінде 72 шақырымы аяқталып, жұмыс 91% орындалды. Ал 16,427 шақырым темір жолға жоспарланған күшейтілген орташа жол жөндеу жұмысы 100% орындалды. 92 жиынтық бағыттама бұрмаларының 75-і салынды.  

Сондай-ақ бүгінде  50,173 км жолға жаңа рельс төсемесін салу жұмыстары жүріп жатыр. Қазіргі уақытта оның 33 шақырымы аяқталды. РМ жол машинасының көмегімен 68,1 км жолдағы ластанған балласты тазалаудың 35 км жұмысы аяқталды.  

Жасалған жұмыстар нәтижесінде «Тальго» пойыздарының   жылдамдығы сағатына 90,8 км-ге,  жүк және контейнерлік пойыздар үшін жылдамдық сағатына 81,9 км-ге артты. Жол жөндеу жұмыстарымен қатар электр желілері жөнделді және ауыстырылды. 10 аккумуляторлық шкафтар, 49 кабельдік муфта және апаттық жағдайда тұрған 601 аккумулятор жаңарды. Мұның бәрі қызмет сапасын жақсарту жұмыстары үшін маңызды. Белгі беру және байланыс дистанциялары бойынша 7 дизельдік генератор қондырғысы ауыстырылды. Атап айтсақ, 6 және 313-ші разъездер, Никельтау, Шұбарқұдық, Шалқар, Жилаево және Орал-Товарная станцияларында генераторлар жаңарды.

Сонымен қатар 51 ғимаратта ішкі жөндеу жұмыстары жүрді. Оның 25-і магистральдық желі қызметкерлерінің күшімен, 26 ғимарат «Теміржолсу Ақтөбе» ЖШС мекемесінің күшімен жасалды.  

Орал, Никельтау, Ақтөбе, Қандыағаш, Біршоғыр станцияларындағы 12 қазандық қалыпты жұмыс істеп тұр. Аймаққа қажетті 5296 тонна көмір толықтай жеткізілген. Оның 3036 тоннасы шаруашылық көмір, 2260 тоннасы техникалық көмір. Жылу трассаларын дайындау, қар қоршауларын ағымдағы жөндеу жұмыстары да толықтай аяқталды. Қар тазалау техникалары толық тексерістен өткен, сапта тұр.  Қысты бірінші рет темір жол бойындағы өткізетін 134 жас маман арнайы курстық оқудан өтті.  

Он шақты мекемеде шатырды жөндеу, асхананы жаңарту, жұмысшыларға арналған душ және қосалқы бөлмелерді, қоймаларды жөндеу жұмыстары аяқталды. Никельтау станциясында ПТО және  станция әкімшілігі ғимараттарын газдандыру бойынша құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталды. Екі нысан да газбен жылыту жүйесіне қосылып, қалыпты жұмыс істеп тұр. Ал Никельтау станциясындағы байланыс үйінің ғимаратын газдандыру жобасы мақұлданды, құрылыс-монтаждау жұмыстары бойынша конкурстық рәсімдер өтуге тиіс.  

Аймақтағы 44 вокзал шаруашылықтары да қысқа тас-түйін дайын келді. Теміржолшылар қысқы киіммен 100% қамтамасыз етілді.  

Ардақ Ерубаева

Дереккөз: "Қазақстан теміржолшысы"

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: