Главная Новости Ақтөбе тұрғын үйлерінің аумағы абаттандырылады
01 шілде 2022, 10:00 748

Ақтөбе тұрғын үйлерінің аумағы абаттандырылады

Ақтөбе тұрғын үйлерінің аумағы абаттандырылады

Ақтөбе қаласында «Samruk-Kazyna Construction» АҚ тұрғын үй кешендерінің аумағын абаттандыру бойынша жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. 

2022 жылғы сәуір айында Ақтөбе қаласына жұмыс сапары барысында «Samruk-Kazyna Construction» АҚ басқарма төрағасы Мәулен Айманбетов «Батыс Премиум» тұрғын үй кешенінің жалға алушылары мен «Юнис Сити» тұрғын үй кешені Мүлік иелерінің бірлестігі өкілдерінің өтініштерін тыңдады, олардың арасында тілектер мен сындарлы ескертулер болды.

Осылайша, қоғамның бірінші басшысының тапсырмасы бойынша ақаулы актілер жасалып, ағымдағы жылдың маусым айында тұрғын үй кешендерінің аумақтарын абаттандыру бойынша жөндеу жұмыстары басталды.

«Юнис Сити» тұрғын үй кешені бойынша жөндеу жұмыстары шеңберінде балалар алаңдарын салу, жаяу жүргіншілер тротуарларын төсеу, сондай-ақ шатырға жөндеу жүргізу жоспарланған. Қазіргі уақытта құрылысшылар балалар алаңының астына негіз қалап, жиектер орнатып, жаяу жүргіншілер тротуарларының астына асфальтты демонтаждауды бастады.

«Батыс Премиум» тұрғын үй кешенінде іргетастың айналасындағы бетон төсенішіне жөндеу жұмыстары басталды. Қалпына келтірілген бетон төсеніш жер үсті суларын тиімді ағызуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ анықталған ақауларды түзету бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Ақтөбе қаласындағы қоғамның жалға алушылары өз кезегінде қоғам басқармасының төрағасы Мәулен Айманбетовке тұрғын үй алаптарының аумағында жинақталған мәселелерді шешуге және жөндеу жұмыстарын жеделдетуге ықпал еткені үшін зор алғыс білдіреді.

Тұрғын үй кешендерінің аумақтарын абаттандыру бойынша жөндеу жұмыстары жалғасуда және қоғам басқармасы төрағасының ерекше бақылауында.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: