Главная Новости Ақтөбеде «Көкжиде құмдарының» жерасты су кен орнының жұмысына қатысты техникалық сессия өтті
09 желтоқсан 2024, 09:30 439

Ақтөбеде «Көкжиде құмдарының» жерасты су кен орнының жұмысына қатысты техникалық сессия өтті

Ақтөбеде «Көкжиде құмдарының» жерасты су кен орнының жұмысына қатысты техникалық сессия өтті

Құмды алқап антропогендік әсерге ұшырауда және жерасты суларының мұнаймен ластануы басты проблемаға айналды.

 

Сессия барысында озық халықаралық тәжірибені зерттеуге арналған теориялық бөлімнен бөлек, мұнай-газ кәсіпорындары үшін экологиялық қауіпсіз ұсыныстар әзірленді.

Бұл ұсыныстар ҚР Премьер-Министрі төрағалығымен Жоғары ғылыми-техникалық комиссияның қарауына жіберіледі. Бұған дейін осындай сессияларды «Ембімұнайгаз» және «Қазатомөнеркәсіп» компаниялары ұйымдастырған. 2025 жылы осындай 7 технологиялық сессия өткізу жоспарлануда.

Іс-шараны «Самғау» ҒТБО ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігімен бірлесіп, «Самұрық-Қазына» қорының қолдауымен ұйымдастырды. Шараға 100-ден астам шетелдік және отандық салалық сарапшы қатысты.

«Самғау» ҒТБО – «Самұрық-Қазына» қоры жанындағы ғылыми әзірлемелерді іріктеу және одан әрі қаржыландырумен айналысатын коммерциялық емес ұйым.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: