Главная Новости Ақтөбеде теміржол кластері құрылады
21 қыркүйек 2023, 14:00 882

Ақтөбеде теміржол кластері құрылады

Ақтөбеде теміржол кластері құрылады

Ақтөбе облыстық мәслихатында 2023-2025 жылдар аралығында 2,8 трлн теңгеге, 7,3 мыңнан астам жұмыс орнын құруға мүмкіндік беретін 16 маңызды жоба талқыланды. Оның ішінде қазір үкіметте қаралып жатқан теміржол кластері бар.  

Облыстық мәслихат депутаттары бұл жобаның өңір экономикасын күшейтіп, логистиканы нығайтатынына сенеді. Себебі инвестиция тарту бойынша облыста қолайлы инвестклимат қалыптасқан. Тоғыз жолдың торабында тұрған аймақ үшін болат құймалар шығаратын теміржол кластері әлеуметтік-экономикалық әлеуетті арттыратыны айтылды.  

Оның ішінде 470 млрд теңгені құрайтын теміржол кластерін құру жоспарланған. Оның аясында болаттың арнайы маркаларын шығаратын еліміздегі алғашқы кәсіпорын бой көтереді. Зауыт шет елдерден жыл сайын 1 млрд долларға сатып алынатын болат дайындамаларын өндіруге және импортты алмастыруға мүмкіндік береді, жобаның инвестиция көлемі 280 млрд теңгені құрайды.

Сондай-ақ халықаралық стандарттарға сай 800 метрлік жіксіз рельстер шығаратын «ПЗТМ LTD» ЖШС жұмысты бастайды. Жоба құны – 21,4 млрд. Сонымен қатар Қазақстанның батыс өңірі аумағына жоғары технологиялық теміржол дөңгелектерін шығаратын зауыт іске қосылады деп күтілуде. Ал «Ақтөбестил» ЖШС өңірде теміржол шаруашылығын арттырып, импорт тауарлардың орнын баспақ. Жоба құны – 168 млрд теңге. Бұл да үлкен жобалардың бірі. Бір сөзбен айтқанда, теміржол айналасындағы кластер Ақтөбе облысында пайда болады.  

Басқарма басшысының баяндауынша, қолайлы инвестициялық климат құру бағыттары бойынша жұмыстар басталған. Өңірдегі тасымал жұмыстарының басым бөлігі теміржол қызметінің еншісінде. Бершүгірдегі 12 қиыршық зауытының өнімдері түгелдей теміржол арқылы тасымалданады. Мұғалжар ауданындағы қиыршық тас, мұнай өнімдері, жер асты қазбаларын тасымалдау теміржол қызметі арқылы ұйымдастырылған. Экономиканың тұрақты өсуіне қарқын беретін теміржол қызметіне қатысты тағы бірнеше жоба жоспарланған.  

Ардақ Ерубаева

Дереккөз: "Қазақстан теміржолшысы"

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: