Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
Көлік қызметкерлері күні биыл Ақтөбеде жылдағы дәстүр бойынша кең көлемде аталып өтті. Бөлімшенің кең залында жиналған өңір теміржолшыларын «ҚТЖ» – Жүк тасымалы » ЖШС «Батыс» аймақтық филиалының басшысы Бөріхан Беркімбаев құттықтап, сөз сөйледі.
«Теміржол желісі мемлекетіміздің дамуына айтарлықтай үлес қосып отырған сала болғандықтан, теміржолшы мамандығы елге қадірлі кәсіп. Құрметті әріптестер, теміржолшылардың кәсіби мерекесі құтты болсын! Сіздердің отбасыларыңызға амандық, қызметтеріңізге жеміс тілеймін», – деді аймақ теміржолының басшысы.
Айта кетейік, мерекеге ақтөбелік теміржолшылар жақсы көрсеткішпен келді. Компания президенті алты айлық қорытынды кезінде ақтөбеліктер жұмысына оң баға берді. Биыл өңірде 78 шақырым жолға күрделі жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Сондай-ақ, көктемде Батыс өңірінде болған су тасқыны салдарынан 46 теміржолшының үйі суға кеткен. Кәсіподақ атынан 7 миллион теңгедей көмек көрсетілді. Теміржолшылар бір күндік жалақысын бөліп, 17 млн теңге берілді.
«Қолдау әлі де көрсетілетін болады»,- деген Бөріхан Беркімбаев, көктемгі тасқын кезінде атқарылған жұмыстарға тоқталды. Қоғамдық жұмыстарға теміржолшылардың белсенді қатысқаны айтылды. Ел арасында «Өмір жолы» атанып кеткен понтон көпірдің теміржол арқылы тасымалданғаны, ауыр жүк көліктерін жеткізу жұмыстары теміржол арқылы ұйымдастырылғаны тілге тиек етілді. Ел басына күн туған кезде теміржолшылардың «бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарғанына» алғыс білдірді. Мерекелік форматтағы кездесу ыстық лебіздерге толы болды. Іс-шара барысында Бөріхан Сматуллаұлы алты сала қызметкеріне «Құрметті теміржолшы» төсбелгісін тақты. Тағы жүздеген теміржолшы түрлі марапаттарға ие болды. Жиыннан соңғы теміржолшылар құрметіне қойылған концерттік бағдарлама да көптің көңілінен шықты.
Ардақ Ерубаева
Дереккөз: "Қазақстан теміржолшысы"
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
60
08 декабря 15:39
Сотрудник АлЭС выиграл квартиру в финале проекта «Ең мықты»
57
08 декабря 12:24
В Кокшетау строят современную ТЭЦ на технологиях «чистого угля»
98
05 декабря 17:59
QID қауымдастығы «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі Дамир Суентаевты марапаттады