Главная Новости Ақылбек Бисенов: Теңізге шыққан әр рейс үлкен жауапкершілікті талап етеді
12 октября 2026, 13:04 44

Ақылбек Бисенов: Теңізге шыққан әр рейс үлкен жауапкершілікті талап етеді

Ақылбек Бисенов: Теңізге шыққан әр рейс үлкен жауапкершілікті талап етеді

Жүк таситын кемелердің қауіпсіздігі көзге көріне бермейтін қажырлы еңбектен басталады. Теңіз арқылы тасымалданатын контейнерлердің барлық талапқа сай тиеліп, дұрыс бекітілуін матростар қамтамасыз етеді. Осындай жауапты міндетті «Қазақтеңізкөлікфлоты» компаниясына («ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ еншілес ұйымы) тиесілі «Бүркіт» контейнер тасымалдаушы кемесінің матросы Ақылбек Бисенов атқарады.

Ақтау қаласында туып-өскен Ақылбек Бисенов 2018 жылдан бері теңіз саласында еңбек етеді. 2022 жылдан бастап компания құрамында қызмет атқаратын маман кемедегі контейнерлерді тиеу, түсіру, орналастыру және бекіту жұмыстарына жауап береді.

«Менің негізгі міндеттерім — кемеге жүкті қауіпсіз түсіру, тиеу және белгіленген талаптарға сай дұрыс бекіту. Әр контейнердің өзіндік салмағы бар. Соған байланысты оның орналасатын орны мен ярусы анықталады. Сондықтан әр контейнердің дұрыс бекітілуін қадағалаймыз», - дейді матрос.

Жүк қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін салмақтың дұрыс бөлінуі мен бекіту талаптарының сақталуы маңызды. Ал теңіздегі құбылмалы ауа райы экипаждан үнемі сақтық пен үйлесімді әрекетті талап етеді.

Ақылбектің кәсіби жолындағы есте қалған оқиғалардың бірі — 2023 жылы Ақтау маңында теңізде жоғалған үш қызды іздестіру жұмыстары. Таңғы уақытта үрлемелі плоттағы қыздарды байқаған ол дереу экипажға хабар берген. Жедел әрекеттің арқасында үшеуі де аман құтқарылды.

«Таңғы бес-алты шамасында үрлемелі плоттың үстінде үш қызды көрдім. Дереу рациямен көпірге адам борт сыртында екенін хабарладым. Экипаж мүшелерінің кәсіби шеберлігінің арқасында сол қыздарды аман алып қалдық».

Бұл оқиға теңіздегі дайындық пен командалық жұмыстың маңызын көрсетті. Экипаж тұрақты оқу-жаттығулар арқылы төтенше жағдайларға дайындалып, әр мүшенің өз міндетін нақты орындауына басымдық береді.

«Теңізші болу мен үшін үлкен жауапкершілік. Бұл мамандық мені командалық жұмысқа, яғни бүкіл экипаж болып, бір организм сияқты жұмыс істеуді үйретті.  Сонымен қатар теңізде өткен ұзақ сапарлар маған отбасымның қадірін де тереңірек сезіндірді» - дейді Ақылбек Ниязұлы. 

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: