Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
2023 жылы Алакөл бағытында Астана, Алматы, Шығыс Қазақстан және Абай облыстарынан 11 маршрут бойынша жүру жалғасын табады. Алғаш рет «Астана-Достық» бағыты бойынша «Тальго» пойызы іске қосылады. Бұл туралы «Жолаушылар тасымалы» АҚ Бас директоры Жәнібек Тайжанов жазғы маусымда жолаушылар тасымалын қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі кеңесте мәлім етті. Аталған жиынға «Атамекен» ҰКП, туристік фирмалар мен салалық қауымдастықтардың, «Жолаушылар тасымалы» АҚ өкілдері қатысты.
Өткен жылы Алакөл жағалауына теміржол көлігімен 243 мың жолаушы жеткізілгені атап өтілді. Еліміздің оңтүстік өңірінен үлкен ағын байқалды – 118 мың адам. Солтүстік аймақтан көлге және кері бағытта 72 мың жолаушы тасымалданса, ШҚО-дан – 52 мың. 2023 жылы жолаушылар орындарының санын 6%, яғни 276 мыңға дейін ұлғайту жоспарлануда.
Биыл туроператорлар үшін коммерциялық пойыздарға билеттерді ерте – пойыз жөнелтілгенге дейін 180 тәуліктен бастап брондау тәртібі қолданыста болады.
Жәнібек Тайжанов «Жолаушылар тасымалы» АҚ әкімдіктермен, әуе компанияларымен және автотасымалдаушылармен бірлесіп Шымкент, Павлодар, Өскемен, Қызылорда қалаларынан Алакөл бағытында интермодальды тасымалдауды (көліктің екі немесе одан да көп түрімен тасымалдау) қалыптастыру мәселесін қарайтынын атап өтті.
Кеңес қорытындысы бойынша интермодальдық тасымалдарды дамыту жөніндегі жұмыс тобы құрылады.
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
219
13 марта 17:18
Компании группы АО «Самрук-Қазына» удостоились ряда наград Казахстанской фондовой биржи