Главная Новости Алакөлге баруға – алты себеп
17 маусым 2022, 08:29 2138

Алакөлге баруға – алты себеп

Алакөлге баруға – алты себеп

«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы биыл Алакөлге баратын пойыздар желісін арттырды. Таяуда «Жолаушылар тасымалы» АҚ Тальго вагондарынан құрастырылған № 211/212 және № 453/454 «Алматы-2 – Достық» қатынасындағы екі жолаушылар пойызының тағайындалғаны туралы хабарлады. Құрамдар Алакөл бағытында қатынайды.

Осы орайда компанияның баспасөз қызметі әлеуметтік желідегі парақшасында Алакөлге барудың алты себебін тізіп шықты. Олар:

1 себеп. Көл суының пайдасы: көл суы тұзды, құрамы теңіз суына ұқсас, көптеген сырқаттарға ем (жүрек-тамыр және жүйке жүйелерін нығайтады, иммунитетті арттырады);

2 себеп. Барлық-Арасан курорты: курорт теңіз деңгейінен 579 метр биіктікте орналасқан. Шатқалдың етегімен Арасан өзені ағады, оны бойлай терек, қарағаш, үйеңкі ағаштары өседі, арасынан жеміс ағаштарын да кездестіруге болады. Оған қоса, шатқалда дәрілік шөптер көп өседі. Шатқалды бойлай 1,5 шақырымдай аумақта 13 жылу-минералды бұлақ шоғырланған;

3 себеп. Ерекше табиғат. Алакөл табиғи қорығы ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік биосфералық аумақтар желісіне енген. Оның аумағынан аққу, шағаланың сирек кездесетін түрі, қызғылт және бұйра бірқазан, ақ құйрық қыран құс пен қызғылт фламингоны көруге болады;

4 себеп. Алакөлдің емдік балшығы: Алакөл балшығының емдік қасиеті зор, кез-келген жарақатты жазады, ағзаны қалпына келтіреді, теріге өте пайдалы (балшықпен емделмес бұрын міндетті түрде дәрігермен кеңесу керек);

5 себеп. Балық аулау: Алакөлге Қазақстанның түкпір-түкпірінен балықшылар келеді. Онда көксерке, сазан, мөңке, алабұға, т.б. балықтар бар. Ең ерекшесі - Алакөл алабұғасы.

6 себеп. Туризм: әртүрлі талғамға сай, бағасы тиімді демалыс базалары, отандық әншілердің концерттері, ойын-сауық бағдарламалары және т. б. іс-шаралар жиі ұйымдастырылады.

ҚЫЗЫҚ ФАКТ:  КСРО кезінде кеңес ғарышкерлері ұзақ ғарыш сапарынан кейін ағзаларын ғарыштық радиациядан тазартып, денсаулықтарын қалпына келтіру үшін осы Алакөлге келген. Барлық-Арасан курорты сол үшін құрылған. Алакөлде тек ғарышкерлер ғана емес, Чернобыль АЭС радиациясынан зардап шеккен балалар да емделген.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: