Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
«Қазақстан темір жолы» АҚ басшылығы мен Алматы облысының әкімі Қанат Бозымбаев осындай меморандумға қой қойды.
Алдағы туристік маусымда Алакөл бағытына «Тальго» жүрдек пойызы жүреді. Сонымен бірге көл жағалауына жолаушы тасымалдайтын барлық пойыздардың жайлы болуына, сапалық деңгейін арттыруға назар аударылады. Мәселен, «Жолаушы тасымалы» АҚ-ның барлық вагоны желдетудің заманауи жаңа жүйесімен қамтамасыз етілмек, деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.
«Індет жағдайына қарамастан 2019-2021 жылдары аралығында курорттық аймақтарға барған жолаушылар легі 264% артқан. Өткен жылғы 11 жазғы маршрутты сақтай отырып, 240 мыңдай жолаушы тасымалдау жоспарланған. Бұл ретте ұсынылған орындардың жалпы саны 340 мыңнан асады. Сондай-ақ, бұл бағытқа «Тальго» жүрдек пойызын шығарып, күнара жүргізу жоспарланып отыр. Жолаушыларға жайлы, билет бағасы қолжетімді вагондар жүргізу үшін облыс әкімдігі тарапынан субсидиялау мәселесін шешу қажет», – делінген хабарламада.
Вагондарда кондиционер мен ыстық су жоқ, басқа да жағдайлар жасалмаған деген жолаушылардың шағымдарына байланысты облыс әкімі Қанат Бозымбаев «Қазақстан темір жолы» АҚ өкілдерімен бірлесіп жеке тасымалдаушы компаниялардың вагондарын аттестациялауды ұсынды. Енді әрбір тасымалдаушы пойыздарының жайлы болуына назар аударуы тиіс. Бұл ретте сұранысқа сәйкес купе типті вагондар саны ұлғайтылады.
«Жиында «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның Достық стансысындағы корпоративтік тұрғын үйлерін жекеменшікке беру және инфрақұрылымын жергілікті атқарушы органның балансына өткізу туралы мәселе де қозғалды. Бұл ретте жергілікті әкімдік тиісті көмек көрсетеді. Көтерілген мәселелер кездесу соңында Алматы облысы әкімдігі мен «ҚТЖ» ҰК» АҚ арасындағы ынтымақтастық туралы меморандуммен бекітілді», – деді баспасөз қызметіндегілер.
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
73
05 декабря 15:38
«К каждому нужен подход»: будни проводницы женского вагона
82
05 декабря 14:38
Минэнерго показало журналистам работу стратегических энергообъектов столицы