Главная Новости Алатау Жарық Компаниясы: қауіпсіздік технологиялар бақылауында
27 апреля 2026, 12:01 46

Алатау Жарық Компаниясы: қауіпсіздік технологиялар бақылауында

Алатау Жарық Компаниясы: қауіпсіздік технологиялар бақылауында

«Алатау Жарық Компаниясы» АҚ қызметкерлердің қауіпсіздігін арттыруға бағытталған заманауи шешімдерді енгізуде.

Компания жасанды интеллект элементтері бар экшн-камераларды қолданады. Бұлар нақты уақыт режимінде қауіпсіздік техникасын бұзушылықтарды анықтап, тәуекелдерді тіркеп, қауіпті жағдайларға жедел әрекет етуге мүмкіндік береді.

Жаңа технологиялар: жұмыстардың онлайн-бақылауы мен ашықтығын, жұмыс орнында сарапшылармен екіжақты байланысты, сондай-ақ талдау мен оқытуға арналған бейнебазаны қалыптастыруды қамтамасыз етеді.

 

АЖК-да жасанды интеллект негізіндегі видеоаналитиканы енгізу бойынша пилоттық жоба да жүзеге асырылуда. Нейрожелілер бейнеағынды автоматты түрде талдап, жеке қорғаныс құралдарының жоқтығын анықтап, бақылау мен профилактиканы күшейтеді.

Инновациялар мен цифрлық шешімдер компанияның басты қағидатын нығайтады — адам және оның қауіпсіздігі әрдайым бірінші орында.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: