Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
«Самұрық-Энерго» АҚ деректерді талдау технологиямен жұмыс істей бастады. Цифрлық трансформациялау бағдарламасы жобасының мақсаты электр энергиясын бақылау мен есепке алудың автоматтандырылған жүйесінде (ЭКЕАЖ) жиналған деректерге талдау жүргізу болып табылады. Бұл шара «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ желілеріндегі нормативтен тыс ысыраптарды уақытылы анықтауға көмектеседі.
Электр энергиясының коммерциялық ысыраптарын азайту – электр желілерін дамытуға, тұтынушыларды электрмен жабдықтаудың сенімділігі мен сапасын арттыруға бағытталған ақша қаражатын түсірудің ұтымды жолы мен нақты көздерінің бірі.
Электр желілеріндегі электр энергиясының коммерциялық ысыраптары – үнемділіктің маңызды көрсеткіші, электр энергиясын есепке алу жүйесі жай-күйінің көрнекі көрсеткіші.
«Осы жоба аясында біз қолданыстағы ЭКЕАЖ-бен біріктірілетін жүйе енгізуді, электр энергиясы желілеріндегі есепке алу құрылғыларынан көрсеткіштерді жинауды, электр энергиясының кемуін жедел анықтап, дер кезінде дабыл қағуды жоспарлап отырмыз", – деді «Самұрық-Энерго» АҚ Өндіріс және активтерді басқару жөніндегі басқарушы директоры Серік Түйтебаев.
Жобалық команда қазіргі уақытта электр энергиясын болжамдық тұтыну және болжамды автоматтандырылған түрде нақты тұтынумен салыстыру моделін құруда. Одан кейін трансформаторлық қосалқы станциялардың өздерінде жіберілетін және қабылданатын электр қуатына қатысты электр желілеріне заңсыз қосылу деректері анықталатын болады. «АЖК» АҚ станцияларында 200 мыңнан астам есептеуіш құралдары орнатылған, желілерде нормативтен тыс ысыраптар анықталған жағдайда осы аспаптар арқылы жүйелі түрде көрсеткіштер алынбақ. Бүгінгі күні жоба бойынша жүйені енгізуге тендерлік рәсімдер құжаттары әзірленуде.
Жоба бойынша күтілетін пайда шамамен 600 млн теңгені құрайды.
Жобаның аяқталу мерзімі: 2022 жылғы желтоқсан.
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
174
04 декабря 19:30
До 600 детей будут бесплатно получать реабилитацию в новом центре в Кызылорде
106
03 декабря 17:46
АлЭС ищет таланты: ярмарка вакансий в ALT Университете