Главная Новости АлЭС: жаңа ұжымдық шарт туралы жұмысшылар не ойлайды?
05 шілде 2022, 08:43 887

АлЭС: жаңа ұжымдық шарт туралы жұмысшылар не ойлайды?

АлЭС: жаңа ұжымдық шарт туралы жұмысшылар не ойлайды?

«АлЭС» АҚ-да 2022-2025 жылдарға Ұжымдық шарт жасалды. Бұл компания жұмысын бастағалы бері жаңа редакциядағы жетінші шарт. «АлЭС» АҚ Ұжымдық шарты екі рет Қазақстандағы үздік шарттардың бірі ретінде танылды. 2015 жылы «Парыз-2015» байқауының «Ірі кәсіпкерлік субъектілері арасындағы Үздік ұжымдық шарт» аталымы бойынша лауреат атанды. Ал 2020 жылы компания «Парыз-2020» байқауында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мен Алматы қаласы әкімдігінің Алғыс хаттарына ие болды.

!!! Материалдың SKnews журналында шыққан нұсқасын осы жерден оқуға болады. 

«Ұжымдық шарт – ұйымдағы әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттейтін құқықтық акт, – деп түсіндірді компанияның Адам ресурстары басқармасының бастығы Дария Шайжанова. – Әлеуметтік әріптестік құжаты 2022 жылдың наурыз айында құрылған екіжақты комиссияның қарқынды жұмысының  нәтижесінде жасалды. Комиссия құрамына жұмыскерлердің өкілдері мен жұмыс берушінің өкілдері кірді. Құжат компания қызметкерлерімен жасалатын барлық еңбек шарттарының негізі саналады».

Өзгерістер енгізу бойынша ұсыныстар бастапқыда «АлЭС» АҚ құрылымдық бөлімшелеріндегі өндірістік ұжымдар деңгейінде жиналды. Содан кейін департаменттердегі кәсіподақ комитеттерінің төрағалары осы ұсыныстарды басқарма төрағасының бұйрығымен жұмыс берушіден және «Энергия» кәсіподағының атқару комитетінің шешімімен қызметкерлерден қалыптастырылған екі жақты комиссияның қарауына шығарды. Жалпы саны 5 отырыс өтті. Оның төртеуінде келісу, талқылау, нақтылау, түзету және қандай да бір ұсыныстарды іске асыру жөніндегі қаржылық мүмкіндіктер қарастырылып, бесінші отырыста қатысушылар Ұжымдық шартты жасасты.

Ұжымдық шарт әлеуметтік-еңбек қатынастарының барлық тараптарын: жұмыс пен тынығу уақытын, еңбекке ақы төлеуді, жұмыспен қамтуды, еңбекті қорғауды, корпоративтік төлемдер мен өтемақыларды, әлеуметтік әріптестік тараптарының құқықтарын, міндеттерін, өзара кепілдіктері мен ынтымақтастық негіздерін қамтиды.

«Батыс жылу кешені ұжымы тарапынан алқалы жиынның  қарауына  13 нақты ұсыныс жолданды, – деді БЖК кәсіподақ төрайымы Алтынай Оңғарбаева. – Ұсыныстардың бірі еңбек сіңірген жылдары үшін біржолғы сыйақыны есептеу үшін өтіл коэффициенттерінің мөлшерін ұлғайту болды. Бұл ұсыныс қабылданып, БЖК қызметкерлері үшін өте жағымды жаңалық болды. Компания кадрлардың мансаптық өсуіне аса мүдделі. Энергетикада 5 жылға дейінгі үздіксіз өтілі бар қызметкерлерде еңбек сіңірген жылдары бойынша коэффициент тиісінше 0,4-тен 0,6-ға дейін, 10 жылға дейін 0,7-ден 0,8-ге дейін ұлғайды. Сондай-ақ, компания энергетика саласына 30 жылдан астам еңбек еткен қызметкерлер үшін коэффициентті 2,4-ке дейін ұлғайтқаны – олардың еңбегінің бағаланғанының көрінісі».

«Алматы электр станциялары» АҚ-ның 2022-2025 жылдарға арналған Ұжымдық шартында  сауықтыруға арналған біржолғы жәрдемақы мөлшері 19,3%-ға артты және еңбек сіңірген жылдары үшін біржолғы сыйақыларды есептеу үшін еңбек өтілі коэффициенттерінің мөлшері көтерілді.

«Биылдың екінші тоқсанында Айтқали Жақұтов атындағы 2-ЖЭО-да ұжымдық шартқа өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша жұмыскерлерге сауалнама жүргізілді, – деп атап өтті 2-ЖЭО экономикалық бөлімінің бастығы Бақытжан Тоқшараев. – Ұсыныстардың басым бөлігі екіжақты комиссияда қаралып, жаңа редакцияда ескерілді. Энергетиктердің ауыр физикалық және ақыл-ой еңбегін ескере отырып, денсаулық жағдайын жақсарту үшін сауықтыруға арналған біржолғы материалдық көмек мөлшерін 4 ЕТЖ-ден 90 АЕК-ке дейін ұлғайту туралы шешім қабылданды. Бұл өзгеріс АЕК-ке байланғандықтан, төлем сомасының жыл сайынғы өсуіне кепілдік береді».

Жаңа құжатта жұмыскерлерді қолдау бойынша төлемдер, оның ішінде маңызды оқиғаларға (баланың дүниеге келуі, жұмыскерлер мен зейнеткерлерді марапаттау) байланысты біржолғы төлемдер мөлшері сақталды және ұлғайтылды.

«Мен өндірістік департаменттің комиссиясында жұмыс істедім және біздің ұсыныстарымыздың қабылданғанына өте қуаныштымын, – деді Айтқали Жақұтов атындағы 2-ЖЭО өндірістік департаментінің  І санатты технигі Ирина Межевская. – Әсіресе, баланың дүниеге келуіне материалдық көмек көрсету бойынша өзгерістерді атап өткім келеді. Бұрын осы орайда бір жалақы мөлшерінде материалдық көмек берілетін. Жаңа Ұжымдық шартта баланың тууына 100 АЕК мөлшеріндегі көмек ақшаны цех бастығы, орынбасары немесе қатардағы жұмыскер де алады. Өйткені, ата-ананың жалақысына қарамастан, барлық балалар бірдей дүниеге келеді. Бұл өзгеріс жұмысшыларды ерекше қуантты, өйткені олардың көпшілігі үшін материалдық көмек мөлшері артты».

Ұжымдық шарттың жаңа редакциясында «АлЭС» АҚ зейнеткерлерінің тізіміне бұрын денсаулығына  байланысты (оның ішінде мүгедектігі бойынша) жұмыстан босатылған және кейін еңбек немесе кәсіпкерлік қызметтен, тіпті олар зейнеткерлік жасқа толғанға дейін кіріс алмаған қызметкерлерді қосу құқығы бекітілген.

«Денсаулық жағдайы, оның ішінде мүгедектігі бойынша жұмыстан босатылған қызметкерлер алдында жұмыс берушінің әлеуметтік міндеттемелерін бекітетін қосымша тармақ қосқаны үшін  кәсіподақ пен жұмыс берушімізге алғыс білдіремін, – деді 3-ЖЭО қазандық цехының компрессоршысы Раушан Иманбаева. – Сонымен қатар, зейнеткерлерімізді ұмытпағанымыз қуантады. Ұжымдық шарт бойынша Энергетик күніне орай зейнеткерлерді көтермелеу мөлшерін орта есеппен 133,4%-ға арттыру көзделген».

3-ЖЭО химия цехының жұмысшысы Татьяна Макарова жұмысшылардың демалысы туралы ережеге қосымшаға  қатты қуанды.  Енді скринингтік зерттеулерден өту үшін жыл ішінде үш жұмыс күніне дейін қарастырылған, бұрын күнтізбелік күндер болғандықтан, демалыс алуға тура келетін. 12 аптаға дейін жүктілік бойынша Медициналық есепке тұру кезінде әйелдер үшін кем дегенде күнтізбелік 3 күн демалыс беріледі.

Ұжымдық шарттың жаңа редакциясында «Кәсібі бойынша үздік» және «АлЭС» АҚ өндірістік департаменттері арасында еңбекті қорғау бойынша жұмысты үздік ұйымдастыру» кәсіби шеберлік байқауларының нәтижелері бойынша сыйлықақы мөлшері ұлғайтылды.

«Сондай-ақ, «АлЭС» АҚ қызметкерлеріне арнайы киім және басқа да жеке қорғаныс құралдарын беру нормалары қызметкерлерді арнайы киіммен, аяқ киіммен және басқа да жеке қорғаныс құралдарымен қамтамасыз ету номенклатурасын нақтылау және кеңейту, сондай-ақ оларды пайдаланудың белгіленген мерзімдері бөлігінде 21 позиция бойынша толықтырылды», – деді Өнеркәсіптік қауіпсіздік және еңбекті қорғау басқармасының бастығы Кәрім Сартаев.

Ирина Межевская қазір техник ретінде жұмыс киімін алу үшін номенклатураға енгізілгенін және бұған өте қуанышты екенін айтты. Ал турбина, қазандық цехтарының ауыр жағдайларда жұмыс істейтін персоналы жылына бір рет емес, екі рет арнайы киім мен аяқ киім алатын болады. Жылу оқшаулау бойынша жұмысшыларға қысқы мезгілде жұмыс істеу үшін қосымша жылы күртешелер берілетін болады. Электр цехтарының қызметкерлері жылу қауіптерінен және электр доғаларынан қорғайтын костюмдерді бұрын қарастырылғандай, үш жылда бір рет емес, екі жылда бір рет алады. Ал 2-ЖЭО отын-көлік цехының жүк тиеушілерінде бұрын болмаған таспалы конвейерлерде сумен жуып тазарту жүргізу үшін нормадан жоғары резеңкеленген костюмдер беріледі.

«Біз қысқы мерзімде жұмыс істеу үшін қосымша жылы киім-кешек берілетініне қуаныштымыз», – деді Каскад ГЭС су қашыртқы – 1-БАО моторисі Сергей Субботин.

Ұжымдық шарт – жұмыскерлердің әлеуметтік-еңбек құқықтарын қорғаудың негізі. «АлЭС» АҚ-ның 2022-2025 жылдарға арналған Ұжымдық шарты 2022 жылғы 1 маусымнан бастап күшіне енді, қолданылу мерзімі – 2025 жылғы 31 мамырға дейін.

Арман Жан

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: