Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
Желтоқсан айында «АлЭС» АҚ да «Батареяларды тапсыр – планетаны құтқар!» және «Жасыл планетаны сақтайық» атты жыл сайынғы акциялар өтті. Нәтижесінде 51 кг пайдаланылған батарея және 11 тонна макулатура жиналды. Мұндай іс-шаралардың мақсаты – жұмысшылардың экологиялық дүниетанымын қалыптастыру, қалдықтарды саралап, бөлек жинау қажеттілігіне назар аудару.
«Мәселен, қағаз – қайта өңдеуге жіберілетін құнды шикізат. Цифрлық технологиялардың дамуына қарамастан, соңғы 20 жылда біз қағазды 26%-ға көп тұтына бастадық. Жыл сайын оны өндіру үшін әлемде 100 миллионнан астам ағаш кесіледі – бұл минутына шамамен 20 га орман. Қайта өңделген макулатураның әрбір тоннасы 10-ға жуық ағашты құтқарады, атмосфераға бір тонна СО2 шығуына жол бермейді,» – дейді қоршаған ортаны қорғау басқармасының бас менеджері Зоя Арзюкова.
Қоршаған ортаны қорғау басқармасының бас маманы Салтанат Жанахметованың пікірінше, бұл қалдықтарды кәдеге жарату тек Қазақстанда ғана емес дүниежүзі бойынша қайталама шикізатты қайта өңдеудің ең күрделі мәселелерінің бірі болып табылады. Барлық дерлік батареяларда әртүрлі металдар мен химиялық заттар түріндегі улы заттар бар, олар батарея корпустары бұзылған кезде табиғи ортаға түседі. Белгіленген мерзімге қызмет еткен батареялар дұрыс жойылған жағдайда қайта өңдеу барысында, оларды пайдаға асыруға болады.
«Әр адам өзі және оның отбасы шығарған қалдықтар арасында қайта пайдалануға болатын қағаз немесе пластикті, батареяларды бөліп алып, ережеге сай дұрыс жойылуын қамтамасыз ету керек. Біз планетамызға осылай ғана көмектесе аламыз. Сондықтан өзіңізге, айналаңыздағы адамдарға және табиғатқа қамқорлық жасаңыз – пайдаланылған батареяларды тапсырыңыз», – деп Қоршаған ортаны қорғау басқармасының бас маманы Елена Сильвестрова маңызды ой түйді.
«АлЭС» АҚ Компания қызметкерлеріне экологиялық акцияларға қатысқаны үшін, қоршаған орта мәселелері мен проблемаларына бей-жай қарамағаны үшін зор алғысын білдіреді.
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
50
05 декабря 14:38
Минэнерго показало журналистам работу стратегических энергообъектов столицы