Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
«Алматы электр станциялары» АҚ білім беру гранттарын беру конкурсының қорытындысын шығарды. Компанияның бұл бастамасы талантты және мақсатты жастар үшін кәсіпке жол ашатын маңызды әлеуметтік жобаға айналды.
Биыл байқауға 13 өтініш келіп түсті, ал 12 үміткер алдын ала іріктеуден өтті. Байқау комиссиясы үміткерлерді ҰБТ, GPA нәтижелері, эссе және әлеуметтік негіздер бойынша бағалады. Іріктеу кезінде көп балалы отбасылардан шыққан балаларды қолдауға ерекше назар аударылды – бұл «АлЭС» АҚ-ның әлеуметтік жауапкершілік қағидаттарына және компанияның корпоративтік мәдениет рухына сәйкес келеді.
Отырыс қорытындысы бойынша тоғыз жеңімпаздың тізімі бекітілді. Олар:
• Қасенов Байсұлтан Асылұлы;
• Жұмаділов Мансұр Даниярұлы;
• Дауылбай Сұңғат Маратұлы;
• Толкин Азат Мақсадұлы;
• Байболатов Әли Көбеусінұлы;
• Сұлтан Бейбарыс Талғатұлы;
• Жандаулетұлы Жанша;
• Отанғазынов Нұрбол Ардақұлы;
• Ерболатқызы Мәдина.
Олардың әрқайсысы – үмітке, жоспарға және алғысқа толы бөлек бір оқиға.
– Гранттық негізде оқудан өту мүмкіндігі үшін шынайы алғысымды білдіргім келеді. Бұл болашаққа жасалған маңызды қадам. Гранттың арқасында мен сапалы білім алып қана қоймай, жаңа достар да таба аламын. Бұл жаңа мүмкіндіктер ашатын және өз күшіне сенімділік беретін баға жетпес тәжірибе, – деп «Азаматтық авиация академиясы» АҚ Авиациялық колледжінің түлегі Байсұлтан Қасенов өз әсерімен бөлісті.
Іле ауданының № 43 орта мектебін бітірген Нұрбол Отанғазынов үшін энергетика мамандығы ерекше маңызға ие. «Менің жоспарым – үздік оқып, қаланың ешқашан жарықсыз қалмауын қамтамасыз ететін кәсіби маман болу. Энергетик мамандығы менің атамның кіші інісінің үлгісі арқасында маған жақын болды. Оның өмірлік жолы мен ата-анамның қолдауы менің таңдауымды саналы әрі сенімді етті» – деді Нұрбол.
Ал, Әл-Фараби атындағы Binom school мектеп-лицейінің түлегі Жаншы Жандаулетұлы үшін осы грант оның салған күш-жігерінің бекер емес екенін дәлелдеді.
– Грантты жеңіп алған кезде қуаныш пен мақтаныш сезімін сезіндім. Бұл маған оқуға бар күшімді салуға, жобаларға қатысуға, басқа студенттермен бәсекелесуге және үздік түлектердің бірі ретінде аяқтауға шабыт берді, – деді ол.
Жеңімпаздардың айтуынша, грант – бұл жай ғана материалдық қолдау емес, сонымен қатар өз идеяларын жүзеге асыруға, еңбегінің бағаланғанын сезінуге және жаңа мүмкіндіктерге жол ашуға берілген мүмкіндік.
«АлЭС» АҚ бұл бағдарламаны стратегиялық бағыт ретінде қарастырады: жақын арада ақылы негізде оқитын және жоғары академиялық нәтижелер көрсетіп жүрген студенттерге арналған жеке стипендиялық бағдарламаны іске қосу жоспарлануда.
АлЭС гранты – бұл болашаққа, ертең энергетика саласының негізін қалайтын, Алматы өңірінің энергетикалық тұрақтылығы мен сенімділігін қамтамасыз ететін жас мамандарға салынған инвестиция.
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
95
05 декабря 17:59
QID қауымдастығы «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі Дамир Суентаевты марапаттады
101
05 декабря 15:38
«К каждому нужен подход»: будни проводницы женского вагона