Главная Новости АлЭС тарихын жасайтын жандар
05 июня 2026, 14:35 107

АлЭС тарихын жасайтын жандар

АлЭС тарихын жасайтын жандар

Компанияның мерейтойы – бұл күнтізбедегі жай ғана күн немесе қорытынды шығаруды білдірмейді. Бұл, ең алдымен, кәсіпорын тарихының жасалуына күн сайын үлес қосып жүрген адамдар. «АлЭС» АҚ-ның 20 жылдығына орай ұйымдастырылған салтанатты марапаттау рәсімі дәл осындай маңызды оқиға ға айналды, онда компанияның дамуына елеулі үлес қосқан 33 қызметкер құрметпен атап өтілді.

2026 жылғы 5 маусымда Бас кеңседе компанияның барлық өндірістік департаменттерінің өкілдері бас қосты. Машинистер мен электромонтерлар, инженерлер мен шеберлер, жүргізушілер мен слесарлар – бір ортақ қасиетке ие әртүрлі мамандық иелері: өз ісіне адалдық және аймақтың энергетикалық кешенінің сенімді жұмысы үшін жауапкершілік.

 

«АлЭС» АҚ Басқарма Төрағасы Ернар Сандыбаев «Самұрық-Энерго» АҚ және «АлЭС» АҚ Құрмет грамоталары мен Алғыс хаттарын салтанатты түрде табыс етті. Көптеген марапат иесі үшін бұл олардың көпжылдық еңбегінің, кәсіби шеберлігінің және ортақ іске қосқан жеке үлесінің мойындалуы болды.

 

– Жұмысты ұзақ жыл бoйы атқарған кeздe марапат туралы oйламайсың. Өз ісіңді адал әрі жауапкершілікпен істесең болғаны. Сондықтан компания тарапынан көрсетілген мұндай ықылас ерекше қуантады. Бұл – әрқайсымыздың еңбегімізге берілген жоғары баға, – деп атап өтті 3-ЖЭО жылу желілеріне қызмет көрсету жөніндегі слесарь Иван Чалых.

«АлЭС»-тің көптеген қызметкері үшін компания әлдеқашан жұмыс орнынан әлдеқайда маңыздырақ нәрсеге айналды. Мұнда еңбек әулеттері қалыптасып, мызғымас достық орнап, өзара құрмет пен қолдауға негізделген ерекше корпоративтік мәдениет қалыптасқан.

–  Осы жылдар ішінде компанияның дамуының түрлі кезеңдерін бастан өткердім. Бүгінде «АлЭС» алға нық қадам басып, ауқымды жобаларды жүзеге асырып, қызметкерлер үшін жаңа мүмкіндіктер ашып жатыр. Осындай команданың бір мүшесі болғаныма қуаныштымын, – деп бөлісті А. Жақұтов атындағы 2-ЖЭО-ның жылу автоматикасы және өлшеу цехының бастығы Саябек Тағатов.

 

Марапаттау рәсімінің мерейтойлық жылда өтуінің де айрықша мәні бар. Жиырма жыл ішінде «АлЭС» миллиондаған тұтынушыны электр энергиясымен тұрақты қамтамасыз ете отырып, еліміздің ірі энергетикалық кәсіпорындарының біріне айналды. Алайда, барлық өндірістік көрсеткіштің артында күн сайын жұмыс орнына келіп, өз міндетін сапалы әрі кәсіби деңгейде атқаратын адамдар тұр.

-  Бұл марапат - мен үшін үлкен мәртебе. Бірақ мен мұны бүкіл ұжымымыздың еңбегіне берілген баға деп қабылдаймын. Энергетикада жалғыз жетістікке жету мүмкін емес, мұнда табысқа тек командамен бірге қол жеткізіледі, -  деп атап өтті Александра Куракина, Б. Оразбаев атындағы 1-ЖЭО-ның химия цехының 4-разрядты электр станциясының химиялық су тазарту аппаратшысы.

 

Жиырма жыл – бұл мыңдаған жұмыс ауысымы, іске асқан жобалар, еңсерілген сын-қатерлер мен қол жеткізген нәтижелер. Осы жылдар ішіндегі «АлЭС»-тің ең басты жетістігі – компания тарихының жаңа парақтарын жазуды жалғастырып келе жатқан кәсіби мамандардан құралған мықты командасы.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: