Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
Samruk-Kazyna Construction Басқарма төрағасы Мәулен Айманбетов Алматы қаласына барып, № 97 мектептің құрылыс барысына шолу жасады.
Бұл «Жайыл мектеп» ұлттық жобасы аясында қолданысқа тапсырылатын алғашқы нысан болмақ. Мектеп 600 оқушы орнына шақталған. Әр кабинетін аралап шыққан басқарма төрағасы спорт залдың дизайны бойынша бірнеше өзгеріс енгізу туралы кеңес берді.
Сондай-ақ, бастауыш және орта, жоғары буын оқушыларының легін бөлу мақсатында мектептің бас жоспарын түзетуді тапсырды. Осыған дейін айтқанымыздай, білім ошағын ағымдағы жылдың шілдесінде тапсыружсопарланған. Қазір мұнда жұмыс күшейтілген режимде жүргізілуде.
Кейін Мәулен Айманбетов Алматы қаласында «Samruk-Kazyna Construction» АҚ тапсырысы бойынша салынып жатқан жайлы мектеп мердігерленінің басын қосып, кеңейтілген жиын өткізді. Күн тәртібіне нысандарды инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз ету мәселесін шығарылып, жан-жақты талқыланды.
Оңтүстік астанада аталған шаруаны жергілікті әкімдік емес, біздің құрылыс компаниялары жүргізеді. Әр мердігерлік ұйымға желілерді тарту бойынша жол картасын жасау жүктелді.
«Су, жылу, электр энергиясы сынды инфрақұрылым сұрағы мектептер қолданысқа тапсырылғанша міндетті түрде біржақты етілуі тиіс. Қажет болған жағдайларда, туындап жатқан мәселелерді жергілікті атқарушы орган өкілдерімен бірлесіп шешіп жатырмыз. Сондықтан, қиындық болмауы керек», – деді Samruk-Kazyna Construction Басқарма төрағасы Мәулен Айманбетов.
Жиында мемлекеттік сараптамадағы жобалардың жайы да сөз болды. Консорциум жетекшілері мен жобалаушы ұйымдарға ескертулерді тез арада түзету бойынша тапсырма берілді.