Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
Ақорда сайты Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен еліміздің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан елеулі үлесі, белсенді қоғамдық қызметі үшін бір топ азамат мемлекеттік наградалармен марапатталғанын хабарлады. ІІІ дәрежелі «Барыс» орденімен марапатталғандар тізімінде «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Алмасадам Сәтқалиев бар.
"Қазақстанның Еңбек Ері" жоғары атағы Қазақстан Республикасының әлеуметтік-гуманитарлық, денсаулық сақтау салаларын дамытудағы және өндірістік қызметтегі ерекше еңбегі үшін:
"Отан" орденімен:
"Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев" орденімен:
І дәрежелі "Барыс" орденімен:
ІІ дәрежелі "Барыс" орденімен:
ІІІ дәрежелі "Барыс" орденімен:
"Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері" құрметті атағы ғылым және мәдениет саласының 28 көрнекті өкіліне берілді, олардың ішінде театр және кино әртістері: М.Әжібеков, Ж.Құрманбеков, Л.Крючкова, режиссер Д.Өмірбаев, өнертанушы Е.Резникова және басқалар бар. "Қазақстанның еңбек сіңірген" ұстазы құрметті атағы "Н.Тілендиев атындағы кіші өнер академиясы" облыстық дарынды балаларға арналған интернаттық мекемесі бар мамандандырылған мектеп" ММ мұғалімі Д.Төрехановаға берілді.
Белгілі ғалымдардың, мәдениет қайраткерлерінің, өндірістік сала өкілдерінің еңбектері "Парасат" орденіне лайық деп танылды. Олардың арасында "М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры" РМҚК әртісі Болат Әбділманов, "Ершовское-2" ЖШС директоры С.Ағайдаров, "Мұнай-газ кешенінің ардагерлері" РҚБ бас директоры З.Алшымбаев, "Отырар кітапханасы" ғылыми-зерттеу орталығының директоры Тұрсын Жұртбай, "Ракурс" экономикалық талдау орталығының директоры Ораз Жандосов, Ақан Сері атындағы Солтүстік Қазақстан облыстық филармониясы камералық хорының хормейсторы Ю.Колчин, "Қазақ әдебиеті" газеті редакциясының меңгерушісі Е.Жаппасұлы, "Астана" халықаралық қаржы орталығы департамент директорының орынбасары Ш.Құрманбайұлы, жазушы З.Наурызбаева, "Альтаир" ЖШС директорлар кеңесінің төрағасы А.Потиченко және басқалар бар.
ІІ дәрежелі "Достық" орденіне:
"Құрмет" орденімен марапатталғандардың ішінде:
ІІІ дәрежелі "Еңбек Даңқы" ордені өндіріс, көлік, құрылыс, ауыл шаруашылығы және басқа да материалдық өндіріс салаларының 105 жұмысшысы мен еңбеккеріне берілді.
Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасымен 553 адам марапатталды.
Әскери және қызметтік борышын үлгілі атқарғаны, заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуде көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы, елдің ұлттық қауіпсіздігі мен қорғаныс қабілетін нығайтуға қосқан үлесі үшін әскери қызметшілер мен құқық қорғау органдары өкілдерінің бір тобы І және ІІ дәрежелі "Даңқ", сондай-ақ, І, ІІ, ІІІ дәрежелі "Айбын" ордендерімен, "Ерлігі үшін" және "Жауынгерлік ерлігі үшін" медальдарымен марапатталды.
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
44
05 декабря 14:38
Минэнерго показало журналистам работу стратегических энергообъектов столицы