Главная Новости Алмасадам Сәтқалиев: «Самұрық-Қазынада» ауқымды реформа жүріп жатыр
27 қаңтар 2022, 15:30 1514

Алмасадам Сәтқалиев: «Самұрық-Қазынада» ауқымды реформа жүріп жатыр

Алмасадам Сәтқалиев: «Самұрық-Қазынада» ауқымды реформа жүріп жатыр

«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ басқарма төрағасы Алмасадам Сәтқалиевтің қатысуымен Қордың сатып алу мәселелері бойынша онлайн кеңес өтті. Кеңеске бизнес қауымдастық өкілдері қатысты.

Кеңестің толық видеосы: 


Кеңес барысында Қор басшысы бизнес өкілдерінің ұсыныстарын тыңдап, сұрақтарға нақты жауап беріп жатыр. Соның қатарында Алмасадам Сәтқалиев Қорда штаттық құрылымды оңтайландыру жұмыстары қалай жүріп жатқанына тоқталды.

«Қазіргі таңда Қорда ауқымды реформа жұмыстары басталды, коррупциялық және репутациялық тәуекелдерге қатысы бар лауазымдар анықталған. Бірінші кезеңде біз Қордың директорлар кеңесінің мүшелеріне, компания басшыларына сатып алу жүйесіне қатысы бар барлық басшылардың жұмыстан босатуға ұсыныс бердік. Бұл популистік шара емес», – деді Қор басшысы.

Алмасадам Сәтқалиевтің айтуынша, Қорға қарасты бірқатар компаниялар бұл ұсыныстарға қолдау білдіріп отыр.

«Қор жұмысын реформалау бойынша қоғам талқысы белсенді жүріп жатыр. Түрлі пікірлер айтылды. Әрине, жетекші университеттер, ірі корпорациялардың тәжірибесіне сүйенген бизнес кейстер бар, бірақ көбі Қорда бар қазақстандық ерекшеліктерге назар аудармаған», – деді Алмасадам Сәтқалиев.

«Самұрық-Қазына» – экономика драйвері

Қазақстан жиһаз өндірісі қауымдастығының төрағасы Қанат Ыбыраев кеңесте отандық тауар өндірушілер мәселелерін көтеріп, бұл істе салалық эксперттердің пікірі мен ақыл-кеңесіне мән берудің маңызына тоқталды. Оның сауалына жауап берген Қор басшысы Алмасадам Сәтқалиев салалық эксперттердің Қор үшін де маңызды екенін айтты. 

«Біз қазір бизнесті қолдауға арналған жаңа департамент ашуды ойластырып отырмыз. Сәйкесінше бізде сала мамандарының, сарапшыларының кеңесіне жүйелі түрде құлақ асып отыратын арнайы адамдар болады», – деді Алмасадам Сәтқалиев.

Мемлекеттік бақылау болады

Қор басшысы «Самұрық-Қазынаға» қарасты актвитердің жекешелендірілуіне де қатысты пікірімен бөлісті. Оның айтуынша, Қазақстанның экономикалық, энергетикалық қауіпсіздігіне тікелей қатысты стратегиялық нысандар мемлекет тарапынан, яғни Қор тарапынан бақылана беретін болады. 

«Ал сервистік компаниялар бәсеке нарығына шығуы керек. Ол үшін бұл компанияларды жекешелендіру қажет. Бұл мәселе Үкіметпен ақылдасылған. Мұндай кәсіпорындарды біз бизнес өкілдеріне ұсынамыз. Болмаса бизнес бізге ұсыныстарымен шықса да болады. Президент айтып өткендей, бұл жердегі жалғыз критерий жеке монополистердің құрылуына жол берілмеуі тиіс. Оның критериін біз міндетті түрде әзірлейміз», – деді Алмасадам Сәтқалиев.

Еске салайық, «Самұрық-Қазынаның» сатып алу жүйесі бойынша барлық конструктивті ұсыныстарды usynys@sk.kz электрондық поштасына жіберуге болады.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: