Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
Алматы шаһарының экологиясын жақсартуға соны бір қадам жасалды. Көптен бері талқыланып келе жатқан Алматыдағы 2-жылу-электр орталығын жаңғырту мәселесі оңынан шешіліп, ол көмір отынының орнына газды пайдаланатын болды. Жоба 2025 жылдың соңына дейін аяқталады.
«Көптен күткен Алматыдағы 2-ЖЭО-н газдандыру туралы шешім қабылданды. Қолданыстағы қазандық агрегаттарын қайта құру арқылы қоршаған ортаға күкірт тотығы мен күлдің бөлінуіне жол берілмейді. Ауаға бөлінетін азот тотығы мен көмірқышқыл газының мөлшері де едәуір азаяды. Жоспар бойынша жоба 2025 жылдың соңына дейін аяқталады», - деп жазды өзінің Instagram-аккаунтында Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев.
Біз кеше ел Үкіметі осындай маңызды шешім қабылдағанын жазған едік. Жалпы, талқыға Алматы 2-ЖЭО-н жаңғыртудың төрт жобасы ұсынылған болатын. Олар:
Әрбір жобаның өз ерекшеліктері болды. Соған сай жобалардың құны да әркелкі болатын. Станция кәсіпорнының акционері - "Самұрық-Энерго" АҚ бұған дейін оңтайлы, экологиялық таза және техникалық тұрғыдан іске асыруға болатын №1 нұсқаны таңдаған болатын. Бұл шешімге компания энергетик, эколог, экономист мамандар және қоғам өкілдерімен де мәселені талқылап, олардың пікірлерін ескере отырып келген.
Бұл жобаның артықшылығы қандай?
Ең негізгі артықшылық – экологиялық тиімділігі. Өйткені, жоба жүзеге асқанда ол Алматының атмосферасын көмір күлінің, күкірт диоксидінің және күлдің шығарындыларынан толық арылтады. Азот пен көміртегі қышқылын шығару азайып, парник газдар шығару үлесі азаяды. Мамандардың есебінше, атмосфераға бөлінетін ластаушы заттар көлемі 80%-ға қысқарады.
Күл үйіндісі
Сондай-ақ, бұл жоба күл үйінділері мәселесін де шешеді. Бүгінде станцияның күл үйінділері 200 гектар аумақты алып жатыр. Ал жоба жүзеге асқан жағдайда олардың қажеттілігі қалмай, бұл жерді қаланың өзге мұқтаждықтарына пайдалануға мүмкіндік туады.
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
44
05 декабря 14:38
Минэнерго показало журналистам работу стратегических энергообъектов столицы