Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
Заманауи білім ошағының жобасымен және ағымдағы жағдаймен Ерболат Досаевты «Samruk-Kazyna Construction» Басқарма төрағасының орынбасары Амангелді Саттаров таныстырды.
«Оқу ошағы 1500 орынға шақталған. Білім алушылардың жайлылығы үшін біз 4 спортзалды жобаладық, оның біреуі үлкен болса, үшеуі – кіші. Екі кіші спортзал бастауыш сынып оқушылары үшін пайдалануға беріледі. Ерекше назарды балалардың мектепке кіріп-шығуына аудардық. Біз оны бүлдіршіндер, бастауыш сынып оқушылары мен орта және жоғарғы буынның ұл-қыздары үшін 3 бөлек жасадық», - деді Амангелді Саттаров.

Жалпы еліміздің оңтүстік астанасында ұлттық жоба аясында 3 жылдың ішінде 37,1 мың оқушыға арналған 22 жайлы мектеп тұрғызылады. Оның ішінде 8 оқу орны дайын нысанды сатып алу тетігі арқылы, ал 1 мектеп мемлекеттік-жеке меншік әріптестік аясында жүзеге асырылады. Аталған жер телімдеріндегі ағымдағы жағдайды да «Samruk-Kazyna Construction» Басқарма төрағасының орынбасары Амангелді Саттаров мегаполис әкімі Ерболат Досаевқа баяндап берді.






































